Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2022 жылдың қаңтар-қараша аралығындағы Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

АӨК негізгі көрсеткіштері

 2022 жылдың қаңтар - қараша аралығындағы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 1 037 907 млн. теңгені құрады (НКИ – 121,4%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 745 288,7 млн. теңге (НКИ – 132,1%), мал шаруашылығы – 291 261,3 млн. теңге (НКИ – 100,3%).                                   Облыста барлығы 8891 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1949 - заңды тұлғалар (АҚ, ЖШС, МК, ӨК), 842 - жеке кәсіпкерлер, 6100 - шаруа-фермерлік қожалықтары.2021 жылдың ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 3 700,9 мың теңгені немесе 2020 жылғы деңгейге 89,5% - ды құрады.

2022 жылдың 1 тоқсанында ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 844,3 мың теңгені немесе 2021 жылғы ұқсас деңгейге 107,3% - ды құрады.

Ауыл шаруашылығына инвестициялар 2022 жылдың қаңтар-қараша кезеңіне 88,8 млрд. теңгені немесе өткен  жылдың ұқсас кезеңіне 88%- ды құрады.

Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына инвестициялар 2022 жылдың қаңтар- қараша кезеңіне 23 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 3,1 есе жоғары.2022 жылдың қаңтар-қазан кезеңіне ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты 333,8 млн. АҚШ долларын немесе 2021 жылғы ұқсас кезеңге 115,1% - ды құрады.

Облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық саны-жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 29% (жұмыспен қамтылғандардың барлығы – 399,9 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында -116,1 мың адам).2022 жылдың қаңтар-қыркүйек кезеңіне ауыл шаруашылығы саласында өткен жылдың сәйкес кезеңіне 28,6% өсуімен орташа жалақы 217,3 мың теңгені құрады (2022 жылғы 3 – тоқсанда - 37,1%-ға өсуімен  269,4  мың  теңге).

Дата публикации
01 декабря 2022