Ақмола облысының 2022 жылғы қаңтар-қарашадағы даму қорытындылары

Облыс аумағының ауданы 146,2 мың ш.км құрайды.

01.11.2022ж. халық саны – 786,8 мың адам, оның ішінде қалалық - 441,1 мың адам (56,1%).

Облыс 17 ауданнан, 3 облыстық және 8 аудандық маңызы
бар қалалардан тұрады. Ұлттық құрамы: қазақтар – 52,8%, орыстар – 31,9%, басқалар – 15,3%

  1. Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 1 322,9 млрд. теңгені құрады,

НКИ – 2021 жылғы деңгейге 110,6%.

Индустрияландыру картасын іске асыру кезеңінде
(2010-2021 жылдар) 428,8 млрд. теңгеге 112 жоба іске асырылды,
11 мың жұмыс орны құрылды. 2022 жылы индустрияландырудың бірыңғай картасы шеңберінде 1 927 жаңа жұмыс орнын құрумен 165,1 млрд. теңгеге 8 жобаны іске асыру жоспарланған, оның ішінде 150 млрд. теңгеге 6 жоба пайдалануға берілді, 1 402 жаңа жұмыс орны құрылды.

  1. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1 037,9 млрд. теңгені құрады, НКИ – 2021 жылдың деңгейіне 121,4%.
  2. Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 54 мың бірлікті құрады, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 10,5%-ға жоғары.

«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасын іске асыруға
2022 жылы (01.12.2022ж. жағдай бойынша) 7,7 млрд. теңге бағытталды, оның ішінде субсидиялауға – 5,2 млрд. теңге, кредиттерге кепілдік беруге – 1,4 млрд. теңге, гранттық қаржыландыруға – 139 млн. теңге, өндірістік инфрақұрылымды жүргізуге – 921,6 млн. теңге.

  1. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2,2%-ға ұлғайып, 502,2 млрд. теңгені құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 210,9 млрд. теңгеге дейін өсті немесе 2021 жылғы көрсеткішке қарағанда 131,7%. 568,4 мың ш.м тұрғын үй пайдалануға берілді (өсім 1,8%).

  1. Жұмыссыздық деңгейі (2022 жылғы 3 тоқсанда) - 4,8%. Жастар арасындағы жұмыссыздық (15-28 жас аралығында) – 3,2% (2022 жылғы
    3 тоқсанда)
    . Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар-экономикалық белсенді халықтың 28,6%-ы (120 мың адам).

Орташа айлық атаулы жалақы 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте 240,6 мың теңгені құрады, бұл 2021 жылғы деңгейден 23,1%-ға жоғары.

Тұтыну бағаларының индексі 119,9%-ды, оның ішінде
азық-түлік тауарларына - 124,1%-ды құрады.

  1. 2022 жылға арналған облыс бюджеті - 494,3 млрд. теңге (республикалық бюджеттен трансферттер, субвенциялар - 67,8%).

2022 жылдың 1 желтоқсанына 426,9 млрд. теңге немесе қаржыландыру жоспарына 97,3% игерілді.

Мемлекеттік бюджетке 298,7 млрд. теңге салық және басқа
да міндетті төлемдер түсті немесе болжамға 103,9%, оның ішінде республикалық бюджетке – 172,7 млрд. теңге (болжамға 101,6%), жергілікті бюджетке – 126 млрд. теңге (болжамға 107,2%) түсті.

  1. 2022 жылы әлеуметтік салаға 221,5 млрд. теңге (облыс бюджетінің 44,8%), оның ішінде білім беруге – 177,4 млрд. теңге (35,9%), денсаулық сақтауға – 5,4 млрд. теңге (1,1%) қарастырылған.

2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту – 86%.

Аршалы ауданында (Жалтыркөл ауылы), Біржан сал ауданында (Бұланды ауылы), Сандықтау ауданында (Петровка ауылы), Целиноград ауданында (3 жоба: Өтеміс, Шұбар, Жаңажол ауылдары), Степногорск қаласында (Бестөбе кенті), Қосшы қаласында
(2 нысан), Көкшетау қаласында (2 нысан) 11 мектептің құрылысы бойынша жобаларды іске асыру жалғасуда, сонымен бірге,
5 балабақша: Қоянды ауылы Целиноград ауданында, Қосшы қаласында және Көкшетау қаласында (3 нысан), мектептерге
2 қосымша құрылыс: Ақкөл ауданында (Ақкөл қаласындағы №4 мектеп) және Көкшетау қаласында (№4 арнайы мектеп-интернат). Жібек Жолы ауылында мектеп құрылысы аяқталу сатысында, сондай-ақ ағымдағы жылы Қосшы қаласында 1200 орындық мектеп пайдалануға берілді.

Денсаулық сақтау саласында Целиноград ауданы Қоянды ауылында 50 адам қабылдайтын алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының құрылысы жалғасуда, Атбасар ауданы Сочинское ауылында медициналық пункт және Новосельское ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысы көзделген. Қосшы қаласында бір ауысымда 100 адам қабылдайтын емхананың құрылысы аяқталды.

  1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық. Қалаларда орталық сумен жабдықтауға - 95,1%, жылумен жабдықтауға - 68,6% қолжетімділік. Ауылдарда орталық сумен жабдықтауға қол жеткізу -89,3%.

2022 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға 15,2 млрд. теңге бөлінді. Қаражат 17 құрылысқа (8 млрд.теңге) және 22 объектіні қайта жаңартуға (5,4 млрд. теңге), 9 жоба бойынша ЖСҚ әзірлеуге (74,3 млн. теңге), іздеу-барлау жұмыстарына (572 млн. теңге), 35 объектіні ағымдағы жөндеуге (1,1 млрд. теңге) бағытталды.

  •  
  1. Қоғамдық қауіпсіздік.
  • 2022 жылғы қаңтар-қарашада ауыр қылмыстардың 12,1%-ға төмендегені байқалды, оларды ашу бойынша 64,6%-ды құрады.
    Аса ауыр қылмыстардың 3,9%-ға өсуі байқалды (аса ауыр қылмыстардың ашылуы – 94%).
Дата публикации
15 декабря 2022