А.ж. 2 желтоқсанда облыстық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының дапутаты болып сайлануға дауысқа түсу туралы өтінішпен өзін-өзі ұсыну тәртібінде Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Талғат Тұрлыбекұлы Жүнісов өтініш берді.
А.ж. 3 желтоқсанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өткізілді, онда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының дапутатына кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау үшін қажетті құжаттар қарастырылды, Т.Т. Жүнісов белгіленген талаптарға сай келетіні анықталды.
Сонымен қатар, облыстық сайлау комиссиясының отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының дапутатына кандидаттың сенім білдірген тұлғалары тіркелді, оларға тиісті куәліктер берілді.
Отырыстың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының дапутатына кандидатқа сайлаушылардың қолдарын жинау үшін қол қою парақтары берілді және осы жұмысты жүргізу бойынша қажетті түсініктемелер берілді.