Облыстық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

А.ж. 1 желтоқсанға дейінгі жағдай бойынша облыстық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының дапутаты болып сайлануға дауысқа түсуге туралы өтінішпен өзін-өзі ұсыну тәртібінде өтініш берргендер:

Машинская Елена Ивановна – «Той Дастархан» ЖШС директоры, Көкшетау қ.;

Сәбитова Айгүл Баубекқызы – Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы, Көкшетау қ.;

Ерсейітов Талғат Аманбайұлы – Бұланды ауданының әкімі, Макинск қ.;

Балташева Айнагүл Қыдырбайқызы – Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Bolashaq saraiy» ШЖҚ МКК басшысы.

А.ж. 30 қарашада облыстық сайлау комиссиясының отырысы өткізілді, онда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының дапутатына кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау үшін қажетті құжаттар қарастырылды және барлық кандидаттар белгіленген талаптарға сай келетіні анықталды.

Сонымен қатар, облыстық сайлау комиссиясының отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының дапутатына кандидаттардың сенім білдірген  тұлғалары тіркелді, оларға тиісті куәліктер берілді.

Отырыстың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының дапутатына кандидаттарға сайлаушылардың қолдарын жинау үшін қол қою парақтары берілді және осы жұмысты жүргізу бойынша қажетті түсініктемелер берілді.

 

 

                                                                                      2022 жыл 1 желтоқсан

Дата публикации
01 декабря 2022