Ақмола облыстық сайлау комиссиясының құрамы туралы хабарлама

«Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы №4 Жарлығына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13-бабындағы 4-тармағына,  «2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 28 қарашадағы №111/605 қаулысына сәйкес, Ақмола облыстық сайлау комиссиясының құрамын хабарлаймыз.

Орналасқан жері: Көкшетау қ., Абай көшесі, 83, 108-каб., 201-каб., тел. 8(7162) 25-36-33, 8(7162) 25-16-49, электрондық мекенжайы tic_akm_obl@saylau.kz

Комиссия  төрағасы – Сәдуов Манарбек Айдарбекұлы; төрағаның  орынбасары – Баталов Болат Сәбитұлы; хатшысы – Политкин Николай Афанасьевич; комиссия мүшелері: Бекентаева Алма Болатқызы, Қанитаева Қалима Атютюқызы, Подлепенец Валерий Михайлович, Шәріпов Дәурен Еслямұлы.

 

Ақмола облыстық  сайлау комиссиясы                           

Дата публикации
28 ноября 2022