Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығындағы Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

 АӨК негізгі көрсеткіштері

2022 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығындағы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 861 076,7 млн.теңгені құрады (НКИ – 116,6%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 621 022,5 млн. теңге (НКИ – 124,6%), мал шаруашылығы – 238 957,0 млн. теңге (НКИ – 100,4%).

  • Облыста барлығы 8891 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1949 - заңды тұлғалар (АҚ, ЖШС, МК, ӨК), 842 - жеке кәсіпкерлер, 6100 - шаруа-фермерлік қожалықтары.
  • 2022 жылдың 1 тоқсанында ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 330  мың теңгені немесе 2021 жылғы  ұқсас деңгейге 110,7% - ды құрады.
  • Ауыл шаруашылығына инвестициялар 2022 жылдың қаңтар- қыркүйек кезеңіне 73,5 млрд. теңгені немесе өткен жылдың ұқсас кезеңіне 84,4%- ды құрады.
  • Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына инвестициялар 2022 жылдың қаңтар- қыркүйек кезеңіне 17,0 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 3,2 есе жоғары.
  • 2022 жылдың қаңтар-тамыз кезеңіне  ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты 250,4 млн. АҚШ долларын немесе 2021 жылғы ұқсас кезеңге 110,5% - ды құрады.
  • Облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық саны-жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 28,9% (жұмыспен қамтылғандардың барлығы – 398,2 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында -115,1 мың адам).
  • 2022 жылдың қаңтар-маусым кезеңіне ауыл шаруашылығы саласында өткен жылдың сәйкес кезеңіне 22,2% өсуімен орташа жалақы 187,4 мың теңгені құрады (2022 жылғы  2 – тоқсанда –  21,3%-ға   өсуімен  216  мың  теңге).
Дата публикации
15 сентября 2022