2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша аймақта 182 діни бірлестік (бұдан әрі - ДБ) әрекет етеді. Дін тұту бойынша: 83 - ислам, 45 – православ, 41 – протестанттық, 11 – католик, 1- Бахаи діні және Ақмола облысының Кришна Санасы Қоғамы - 1.
2022 жылдың 2-тоқсанымен салыстырғанда тіркелген ДБ-ін саны 1-ге артты. Діни бірлестіктер санының артуы Целиноград ауданындағы Қызылсуа а. ҚМДБ филиалының «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің есептік тіркеуі есебінен болды.
Діни нысандар - 145, оның ішінде: 83 мешіт; 29 православие шіркеуі; 11 католиктік шіркеулер мен 22 протестанттық үй.
Ақмола облысының аумағында уағыздау қызметін 31 миссионер қамтамасыз етеді. Олардың арасында: 17 адам Польшадан, 4 адам Филиппиннен, 1-Германиядан, 1-Швейцариядан, 1-Ресейден, 1-Италиядан, 1-Беларусьтан, 5 адам Қазақстаннан.
28 миссионер католицизмді, 3 миссионер протестантизмді тұтады.
Есепті кезеңде 12 мемлекеттік қызмет көрсетілді: ДІБ және «Азаматтарға арналған үкімет» ҰАҚ арқылы қағаз түрінде миссионерлерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы 9 куәлік және электрондық форматта 3 куәлік берілді.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2022 жылдың басынан бері облыста 159 баланың ата-анасы діни наным бойынша оларды вакцинациялаудан бас тартқан.
Білім басқармасының мәліметінше, облыстағы жалпы білім беретін мектеп оқушыларының діни сенімдері бойынша мектеп формасына қойылатын талаптарды бұзудың 54 фактісі анықталды.
ДІБ облыстың діни бірлестіктерімен біріктіруші маңызды диалог алаңы ретінде ДІБ жанындағы «Ынтымақ» діни бірлестіктер басшыларының жиналысы ерекше орын алады (бұдан әрі- Жиналыс).
2022 жылдың 25 тамызда Көкшетау қаласының «Ынтымақ» діни бірлестіктері басшыларының жиналыс мүшелерімен «Конституция – даму мен өркендеудің берік негізі» атты дөңгелек үстел өткізілді.
2022 жылғы 1-ші қазандағы жағдай бойынша облыста 217 адамнан тұратын 24 АТТ өз қызметін жүзеге асырады (1 облыстық, 23 қала, 17 аудандық және Көкшетау қ. ЖОО жанындағы 3).
Облыстың ақпараттық-түсіндіру топтары 1490 түрлі форматты іс-шара өткізді, оған 9743 адам қатысты. Оның ішінде, тікелей облыс жастарымен 1115 адамның қатысуымен 40 іс-шара жүзеге асырылды.
Ақмола облысының БАҚ діни қатынастар саласындағы тақырыптарды көрсететің 1462 материал жарық көрді. Олардың ішінде: баспа басылымдарында 105 басылым (мақалалар, ақпараттық хабарламалар және т.б.); облыстық және аудандық телестудияларда 52 телематериал көрсетілді (сюжеттер, бейнероликтер және т.б.); ғаламтор-ресурстарында 1305 ақпараттық хабарлама орналастырылды (суреттер, пресс-релиздер, бейнедәрістер және т.б.).
Ақмола облысындағы діни жағдайды талдау аймақта тұрақтылықтың, толеранттылықтың және басқарылу жағдайының бар екендігін көрсетті. Діни негізде шиеленістер тіркелген жоқ. Өңірде жүргізілетін діни қатынастар саласында мемлекеттік саясат рухани-адамгершілік жағдайды тұрақтандыруға, толерантты сана қалыптастыруға, сенім төзімділігі негіздерін нығайтуға, әр түрлі ұлт өкілдерінің және әр түрлі дін өкілдерінің өзара түсіністігіне ықпал етеді.