Ақмола облысы бойынша жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы

«Ақмола облысы бойынша жерлеудің және зираттарды күтіп

 ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы»

Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 6С-38-4 шешіміне өзгерістерді енгізу туралы»

шешімінің  жобасына

баспасөз-релиз

 

«Ақмола облысы бойынша жерлеудің және зираттарды күтіп  ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 6С-38-4 шешіміне өзгерістерді енгізу туралы»  шешімінің  жобасы «Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 48 бұйрығына енгізілген  өзгерістеріне  сәйкес әзірленді.

Осы  шешімнің  жобасын қабылдау мақсаты — қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру болып табылады.

Шешім жобасын iске асыру республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржы шығындарын талап етпейдi.

Шешім жобасын қабылдау терiс әлеуметтiк-экономикалық және / немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.

Шешім жобасы ашық НҚА бөлiмi бойынша «Электрондық үкiмет» порталында орналастырылған.

 

Дата публикации
11 октября 2022