Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 61-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қауылының қосымшасына сәйкес Ақмола облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған болжамы мақұлдансын.
- «Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Ақмола облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған болжамының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің қадағалайтын мәселелері бойынша орынбасарларына жүктелсін.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.