Көкшетау қаласында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландырудан бас тартуларына қатысты қарыз алушылардың шағымдарын қарау жөнiндегi Комиссиясының жұмысты туралы

Хабарландыру

21 мамыр 2020 жыл

Көкшетау қаласында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландырудан бас тартуларына қатысты қарыз алушылардың шағымдарын қарау жөнiндегi Комиссиясының жұмысты туралы

Ипотекалық қарыз алушыларды мемлекеттiк қолдау аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi — Елбасы тапсырмасы бойынша 2015 жылдан бастап ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы жүзеге асырылуда (бұдан әрi — Бағдарлама).

Бағдарлама жалғыз тұрғын үйдi сақтауға, 2004 жылдан 2009 жылға дейiн ипотекалық қарыз алушылардың қарыздық жүктемесiнiң төмендеуiне, сондай-ақ 2016 жылғы 1 қаңтарға дейiн шетел валютасымен қарыз алған қарыз алушылар үшiн валюталық тәуекелдi болдырмауға бағытталған.

2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша екiншi деңгейдегi банктер және ипотекалық ұйымдар бағдарламасы бойынша қайта қаржыландыруға 256,1 млрд теңге сомасына 37 149 несиелер мақұлдады, 229 млрд. теңгенi құрайтын 34 686 несиелер қайта қаржыландырылды.

Бағдарламаны iске асырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшiн 2015 жылы Қазақстанның барлық аймақтарында қарыз алушылардың ипотекалық қарызды қайта қаржыландырудан бас тарту туралы шағымдарын қарау Комиссиялары құрылды. Комиссия қарыз алушылардың банктiң Бағдарлама талаптарына сәйкес несие беруден бас тартуының заңдылығы туралы шағымдарын қарайды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң құрамынан шығуына байланысты, 2020 жылдың ақпанында, Қазақстан Республикасы қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттiгiнiң Көкшетау қаласындағы өңiрлiк өкiлдiктер Басқармасында Көкшетау қаласында Екiншi деңгейдегi банктердiң, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» АҚ-тың, кейiннен уәкiлеттi органның лицензиясын ерiктi түрде қайтарған банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрi — Бағдарламаға қатысушы банк) ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландырудан бас тартуларына қатысты қарыз алушылардың шағымдарын қарау жөнiндегi Комиссиясы (бұдан әрi — Комиссия) құрылды.

Комиссия құрамына Әкiмшiлiктiң, Қазақстан Республикасы қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттiгiнiң, Ақмола облысы Прокуратурасының, «Нұр Отан» партиясы Ақмола облысы филиалының, Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасының, ҚР Сауда және интеграция министрлiгi тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетiнiң Ақмола облысы тұтынушылардың құқықтарын қоғау департаментiнiң өкiлдерi кiрдi.

Бағдарламаға қатысушы банктердiң қарыздарды қайта қаржыландырудан бас тартуына қатысты қарыз алушылардың шағымдарын қарау жөнiндегi Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттiгiнiң Көкшетау қаласындағы өңiрлiк өкiлдiктер Басқармасы болып табылады.

Комиссияның негiзгi қызметi болып қарыз алушылардың Бағдарламаға қатысушы банктiң қарыз беруден бас тартуына қатысты шағымдарын қарау. Қайталанған шағымдар жаңа дәлелдемелер немесе жаңадан ашылған мән-жайлар болған жағдайда ғана қаралады.

Комиссия отырыстары шағым берген адамның қатысуынсыз өткiзiледi.

Заседания Комиссии проводятся без участия лица, подавшего жалобу. Комиссия отырыстары қажет болған кезде әр айдың бiрiншi және үшiншi апталарында бейсенбi сайын өткiзiледi.

Комиссия шағымды қарау үшiн қарыз алушы жазбаша түрде Комиссия мүшелерiне банктiк құпияны ашуға келiсiмiн берiп және құжаттар тiзiмiмен келесi мекен-жай бойынша: Көкшетау қ., Әуезов к-сi, 214 үй немесе Gulnara.Omarova@finreg.kz. электронды поштаға жүгiнуi керек.

Қажеттi құжаттар тiзiмiн және келiсiм алуға өтiнiм үлгiсiн алу үшiн келесi байланыс телефондарына хабарлассаңыз болады: 8 (716) 2 55-18-06, 55-18-00 (iш.2273).

Шағымды Комиссия келiп түскен күннен бастап 30 күнтiзбелiк күн iшiнде қарайды. Қосымша зерттеу немесе тексеру жүргiзу қажет болған жағдайда шағымды қарау мерзiмi тағы 30 күнтiзбелiк күнге немесе ол түпкiлiктi орындалғанға дейiн ұзартылуы мүмкiн.

Объективтiлiк үшiн Комиссияның шешiмi банктiң ақпаратын және Бағдарламаның барлық критерийлерiн ескере отырып, ашық дауыс беру арқылы қабылданады, және егер Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Шешiм туралы өтiнiш берушiге жазбаша түрде хабарланады.

2019 жылдың 23 желтоқсанында Бағдарламаға банктерге Бағдарламаның шарттары бойынша «халықтың әлеуметтiк әлсiз топтары» санатында бұрын қаржыландырылған қарыздар бойынша, қарыз алушылардың қарызды жеңiлдетудiң қосымша тетiктерiн қолдануға құқық беретiн өзгерiстер енгiзiлдi. Банктiң балансына өткен тұрғын үйдi меншiкке қайтару мақсатында қаржы институттарына қарыз алушыға жаңа несие беру арқылы немесе одан әрi өтеу мүмкiндiгiмен жалға беру арқылы қаржыландыру құқығы берiлдi.

Қарыз алушының қаржылық және әлеуметтiк жағдайын жан-жақты талдаудан кейiн банктер қосымша көмек көрсетедi.

Егер банк қосымша көмек беруден бас тартса, қарыз алушы Комиссияға шағымдануға құқылы.

Айта кету керек, Бағдарламаның 1 және 2-бөлiмдерiнiң шарттары бойынша қарызды қайта қаржыландыру туралы Комиссияның шешiмдерi банктер үшiн мiндеттi болып табылады.

Сонымен бiрге, Бағдарламаның 2-1 бөлiмi шеңберiндегi Комиссияның шешiмдерi тек кеңес беру сипатына ие. Бағдарламаға қатысушы банктер Комиссияның ұсынысы бойынша қосымша көмек туралы түпкiлiктi шешiмдi дербес қабылдайды.

Дата публикации
21 мая 2020