2022 жылғы 25 қыркүйекте 8 сайлау округі бойынша ауыл және ауылдық округтердің әкімдерін сайлау өткізілді.
Сайлау округтері бойынша сайлаушылардың тізіміне 9992 азамат енгізілді, соның ішінде 5474 ( 54,78%) дауыс беруге қатысты.
Әкімдерге кандидаттардың саны – 27 адам.
Барлық 8 сайлау округінде әкімдер сайланды.
Соның ішінде: «AMANAT» партиясы ұсынған - 2 адам, өзін-өзі ұсыну жолымен – 6 адам.
Ауыл және ауылдық округтердің әкімдерін сайлау қорытындысы туралы хабарлама аудандық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылды және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.