«Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13-бабындағы 4-тармағына, 2022 жылғы 21 қыркүйек № 1019 Жарлығына және «2022 жылғы 20 қараша тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізудің негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 22 қыркүйек № 65/538 қаулысына сәйкес Ақмола облысының аумақтық сайлау комиссияларының құрамдарын хабарлаймыз.