Жануарлар әлемі

Бүгінгі күні табиғат пайдаланушыларға 160 аңшылық шаруашылықтың 135 аңшылығы бекітілген, жалпы ауданы 10 млн.га, облыстың резервтік қорында жалпы ауданы 2,1 млн. га 25 аңшылық шаруашылығы бар. Аукцион нысанында аңшылық шаруашылықтарын бекіту бойынша бір конкурс өткізілді, оның қорытындысы бойынша бюджетке 17 000 000 теңге түсті.

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңның 40-бабына сәйкес 3 аңшылық шаруашылығы қайта бекітіліп, 5 балық шаруашылығы су айдыны (конкурс өткізілмей) бекітілді.

Сондай-ақ, 2021 жылы нақты географиялық координаттарын анықтау мақсатында Ақмола облысының 12.1 млн. га жалпы ауданында 160 аңшылық шаруашылығы жануарлардың түрлерін, оның ішінде қандай да бір шаруашылықтың аумағында мекендейтін қызыл кітапқа енгендерді және олардың қоныс аудару жолдарын көрсете отырып цифрландырылды, сонымен қатар аңшылық алқаптарын паспорттау жүргізілді, қорытындылары бойынша Ақмола облысының «Digital Lake» геоақпараттық жүйесі енгізілді, балық шаруашылығы су айдындарын цифрландыру бойынша да осындай жұмыс жүргізілді және «Smart Lake» геоақпараттық жүйесі енгізілді.

Қазіргі уақытта облыстың балық шаруашылығы әлеуеті Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қазандағы №А-11/486 қаулысымен бекітілген 561 балық шаруашылығы су айдынынан тұрады. Оның 433-і балық шаруашылығын жүргізу үшін табиғат пайдаланушыларға бекітілген.

Балық саласын дамыту үшін 2021-2030 жылдарға арналған балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы әзірленді, онда тауарлық балық өсіру көлемін ұлғайту көзделген, бұл шаралар 2030 жылға қарай балық өндірісін жылына 10 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Осы бағдарламаны іске асыру үшін мынадай іс-шаралар өткізілуде:

Жергілікті маңызы бар аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсты өткізу Қағидаларына сәйкес резервтік балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру.

Бұл байқау толығымен автоматтандырылған және gosreestr.kz. электронды порталда өтуде.

Байқаудың ұйымдастырушысы «Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ-сі болып табылады.

 

Дата публикации
23 сентября 2022