Орман шаруашылығын дамыту туралы

Орман шаруашылығы

Облыстық әкімдікке ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік орман қорының ауданы 405,4 мың га құрайды, оның ішінде 224,9 мың га орманмен жабылған. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жедел қарамағында Ақмола облысының 6 ауданы мен 2 қаласының әкімшілік аумақтарында шоғырланған 13 орман шаруашылығы мекемесі бар. Орман шаруашылығы қызметкерлерінің штат саны 516 адамды құрайды.

Орманды қалпына келтіру

Ағымдағы көктемде басқармаға қарасты орман шаруашылығы мекемелері жоспардағы 1280 га орнына 1712 га алаңда ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізді.          Ағаш отырғызу жұмыстары кезінде, жоспар бойынша 9,3 млн.дана ағаш толықтыруды есепке ала отырып, барлығы 11,2 млн.дана ағаш отырғызылды.

Келесі жылдары ағаш отырғызу жоспарын орындау мақсатында орман шаруашылығы мекемелері келесі жұмыстарды жүргізеді:

- 2021 жылы жапырақты тұқымдылардың орман тұқымдарын (11 тоннадан астам) және қарағай бүршіктерін (185 тонна жиналды) жинау және дайындау жұмыстары жүргізілді. 7 бүршік кептіргіш бар, олар 185 тонна бүршік өңдеп, 1850 кг қарағай тұқымы алынды. Күзде питомниктерге 8 тоннадан астам орман тұқымы себілді.

- ағымдағы көктемде питомниктерде 6 га алаңда 1 тоннадан астам орман тұқымы себілді (қылқан жапырақты 383 кг, жапырақты 766 кг).

- орман тұқымдарын жинауды және дайындауды жүзеге асырылып жатыр (қарағаш тұқымдарын жинау жұмыстары басталды),

- отырғызу материалдарын өсіруді, суаруды және күтім жұмыстарын жүргізу жүзеге асырылуда.

Орман шаруашылығы мекемелерінде жалпы ауданы 171 га 11 орман питомнигі бар (4 тұрақты және 7 уақытша). Отырғызу материалдарын өсіру көлемінің ұлғаюына байланысты жалпы ауданы 86 га (Зеренді ауданында «Бұқпа» ОШМ - 61 га және Атбасар ауданында «Маралды  ОШМ» - 25 га) 2 жаңа тұрақты орман питомниктерін салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Сонымен қатар, орман шаруашылығы мекемелері уақытша питомниктердің аумағын кеңейту және ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілді.

2021 жылы облыстық бюджет есебінен орман шаруашылығы мекемелеріне 20 бірлік трактор және 39 бірлік тіркеме, аспалы және өртке қарсы жабдық сатып алынды .

Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен қосымша 317 млн.теңге бөлінді, оның ішінде 167 млн.теңге  - орман дақылдары жұмыстарын орындауға және 150 млн. теңге - орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жарақтандыруға.

Орманды күзету және қорғау

Орман өрттерімен күресудің алдын алу шараларын жүргізу мақсатында келесі жұмыстар жүргізілді - ауыл шаруашылығы құрылымдарына 200 дана ұйғарым берілді, өртке қарсы тақырыпта 3212 дана парақшалар таратылды, 204 дәріс, семинар әңгімелері өткізілді, аудандық газеттерде 33 мақала жарияланды, өртке қарсы тақырыпта 283 дана аншлаг орнатылды.

Ағымдағы жылы минералдандырылған жолақтарға күтім жасау жұмыстары жоспарланған 10 300 км немесе 70% ұзақтығымен 7300 км жүргізілді.

Жоспар бойынша 1700 км немесе 100% болған жағдайда ұзындығы 1700 км минералдандырылған жолақтар салынды.

 

Дата публикации
20 сентября 2022