2022 жылғы 7 қыркүйекте облыс әкімінің орынбасары Ғ.К. Әбдіхалықов азаматтарды жеке қабылдады. Бурабай, Аршалы және Целиноград аудандарының тұрғындары «Бурабай» МҰТБ экологиялық жағдайы және жер телімдері бойынша мәселелерін көтерді. Қабылдау қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.