2022 жылғы 21 қыркүйекте облыс әкімінің орынбасары М.С. Тәткеев азаматтарды жеке қабылдады. Аршалы ауданының Жалтыркөл ауылының белсенділері мектеп құрылысы, электр қуатымен қамтамасыз ету және жолды жөндеу беру мәселелерін көтерді. Қабылдау қорытындысы бойынша ауызша түсініктемелер беріліп, мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.
