Сыртқы сауда айналымы 2022 жылғы қаңтар-шілдеде – 774,9 млн. АҚШ долларын (3,1%-ға өсім, 2021 жылғы қаңтар-шілдеде – 751,8 млн. АҚШ долларын), оның ішінде экспорт – 321,7 млн. АҚШ долларын (6,1%-ға төмендеу, 2021 жылғы қаңтар-шілдеде 342,5 млн. АҚШ долларын) құрады), импорт – 453,2 млн. АҚШ доллары (10,7%-ға өсім, 2021 жылғы қаңтар-шілдеде – 409,3 млн. АҚШ доллары).
2022 жылғы қаңтар-шілдедегі сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты: -131,6 млн. АҚШ доллары (2021 жылғы қаңтар-шілдеде теріс: -66,9 млн. АҚШ доллары).
Экспорт құрылымында негізгі үлес бидай (39,4%), подшипниктер (15,1%), зығыр тұқымдары (12,1%), ұн (6,1%), рапс тұқымдары (2,8%), арпа (2,1%).
Импорт құрылымында негізгі үлесті: жер үсті көлігі құралдары (10,6%), темірден немесе легирленбеген болаттан жасалған шыбықтар (4,9%), өсімдіктерді қорғау құралдары (4,1%), этилен полимерлері (3,3%), мұнай өнімдері (1%) алады.