2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша облыс аумағында 562 денсаулық сақтау объектісі жұмыс істейді, облыстық – 13, ауданаралық – 2, аудандық – 16, қалалық – 7 және ауылдық елді мекендерде – 524.
Облыста 2022 жылғы 1 тамызға 1650 дәрігер және 6210 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді.
10 мың тұрғынға шаққанда дәрігерлермен қамтамасыз ету 19,8 және орта медицина қызметкерлерімен 74,1 құрайды.
Облыста туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші 1,9%-ға (100 мың адамға шаққанда 26,4-тен 26,9-ға дейін) өскені сонымен қатар, қан айналымы жүйесі ауруларымен сырқаттанушылықтың 0,1%-ға төмендеуі (100 мың адамға шаққанда 1910,6-дан 1908,9-ға дейін) байқалады.
Жалпы өлім-жітімнің 20,2%-ға (1000 адамға шаққанда 11,84-тен 9,45-ке дейін), қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітімнің 14,8%-ға (100 мың тұрғынға шаққанда 106,69-дан 90,93-ке дейін), қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімнің 21,8%-ға (100 мың тұрғынға шаққанда 242,17-ден 189,30-ға дейін), жазатайым оқиғалардан өлім-жітімнің, улану және жарақат алу жағдайлары 7,9%-ға (100 мың тұрғынға шаққанда 85,87-ден 79,10-ға дейін), (Ұлттық статистика бюросының 01.08.2022 алдын ала деректері) төмендегені байқалды.
Нәрестелер өлім-жітімінің көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 17,2%-ға (4,93-тен 5,78-ге дейін) артты. Ұлттық статистика бюросының 01.08.2022 алдын ала деректері бойынша бала туу көрсеткіші 12,3%-ға (халықтың 1000 адамына шаққанда 16,41-ден 14,39-ға дейін) төмендеді.
Денсаулық сақтаудың күрделі шығыстарына 2022 жылы 1,5 млрд. теңге, оның ішінде медициналық ұйымдарды жарақтандыруға 1,4 млрд. теңге, күрделі шығыстарға 129,2 млн. теңге бөлінді.