АӨК негізгі көрсеткіштері
2022 жылдың қаңтар-тамыз аралығындағы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 365 705 млн.теңгені құрады (НКИ – 108,3%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 154 984,9 млн. теңге (НКИ – 123,6%), мал шаруашылығы – 210 351,1 млн. теңге (НКИ – 100,5%).
Облыста барлығы 8891 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1949 - заңды тұлғалар (АҚ, ЖШС, МК, ӨК), 842 - жеке кәсіпкерлер, 6100 - шаруа-фермерлік қожалықтары.
2022 жылдың 1 тоқсанында ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 330 мың теңгені немесе 2021 жылғы деңгейге 110,7% - ды құрады.
Ауыл шаруашылығына инвестициялар 2022 жылдың қаңтар- тамыз кезеңіне 60,5 млрд. теңгені немесе өткен жылдың ұқсас кезеңіне 85%- ды құрады (ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға жұмсалатын шығындарды азайту есебінен көрсеткішті төмендету).
Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына инвестициялар 2022 жылдың қаңтар- тамыз кезеңіне 16,3 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 3,4 есе жоғары.2022 жылдың қаңтар-шілде кезеңіне ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты 225,8 млн. АҚШ долларын немесе 2021 жылғы ұқсас кезеңге 109,8% - ды құрады.
Облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық саны-жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 28,9% (жұмыспен қамтылғандардың барлығы – 398,2 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында -115,1 мың адам).2022 жылдың қаңтар-маусым кезеңіне ауыл шаруашылығы саласында өткен жылдың сәйкес кезеңіне 22,2% өсуімен орташа жалақы 187,4 мың теңгені құрады (2021 жылғы 2 – тоқсанда – 21,3%-ға өсуімен 216 мың теңге).