Ақмола облысының 2022 жылғы қаңтар-тамыздағы даму қорытындылары

Облыс аумағының ауданы 146,2 мың ш.км құрайды.

01.08.2022ж. халық саны – 785,8 мың адам, оның ішінде қалалық - 440 мың адам (56%).

Облыс 17 ауданнан, 3 облыстық және 8 аудандық маңызы
бар қалалардан тұрады. Ұлттық құрамы: қазақтар – 52,8%, орыстар – 31,9%, басқалар – 15,3%

  1. Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 928,4 млрд. теңгені құрады, НКИ – 2021 жылғы деңгейге 108,9%.

Индустрияландыру картасын іске асыру кезеңінде
(2010-2021 жылдар) 428,8 млрд. теңгеге 112 жоба іске асырылды,
11 мың жұмыс орны құрылды. 2022 жылы 1854 жаңа жұмыс орнын құрумен 160,6 млрд. теңгеге 10 объектіні пайдалануға беру жоспарланған, оның ішінде 27 млрд. теңгеге 1 жоба пайдалануға берілді, 231 жаңа жұмыс орны құрылды.

  1. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 365,7 млрд. теңгені құрады, НКИ – 2021 жылдың деңгейіне 108,3%.

  2. Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 51,8 мың бірлікті құрады, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 7,6%-ға жоғары.

«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасын іске асыруға
2022 жылы (01.08.2022ж. жағдай бойынша) 8,3 млрд. теңге бағытталды, оның ішінде субсидиялауға – 5,4 млрд. теңге, кредиттерге кепілдік беруге – 1,8 млрд. теңге, гранттық қаржыландыруға – 139 млн. теңге, өндірістік инфрақұрылымды жүргізуге – 940,3 млн. теңге.

  1. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 10,1%-ға ұлғайып, 326,4 млрд. теңгені құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 108,4 млрд. теңгеге дейін өсті немесе 2021 жылғы көрсеткішке қарағанда 113,6%. 399,9 мың ш.м тұрғын үй пайдалануға берілді (өсім 5,5%).

  1. Жұмыссыздық деңгейі (2022 жылғы 2 тоқсанда) - 4,8%. Жастар арасындағы жұмыссыздық (15-28 жас аралығында) – 3,1% (2022 жылғы
    2 тоқсанда)
    . Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар-экономикалық белсенді халықтың 28,4%-ы (118,9 мың адам).

Орташа айлық атаулы жалақы 2022 жылғы қаңтар-маусымда 236,1 мың теңгені құрады, бұл 2021 жылғы деңгейден 21,1%-ға жоғары.

Тұтыну бағаларының индексі 114,2%-ды, оның ішінде
азық-түлік тауарларына - 118,8%-ды құрады.

  1. 2022 жылға арналған облыс бюджеті - 486,6 млрд. теңге (республикалық бюджеттен трансферттер, субвенциялар - 67,4%).

2022 жылдың 1 қыркүйегіне 300,9 млрд. теңге немесе қаржыландыру жоспарына 98,9% игерілді.

Мемлекеттік бюджетке 219,3 млрд. теңге салық және басқа
да міндетті төлемдер түсті немесе болжамға 104,6%, оның ішінде республикалық бюджетке – 129,3 млрд. теңге (болжамға 100,9%), жергілікті бюджетке – 90 млрд. теңге (болжамға 110,5%) түсті.

  1. 2022 жылы әлеуметтік салаға 221,1 млрд. теңге (облыс бюджетінің 45,4%), оның ішінде білім беруге – 176,5 млрд. теңге (36,3%), денсаулық сақтауға – 5,5 млрд. теңге (1,1%) қарастырылған.

2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту – 85,1%.

Аршалы ауданында (2 жоба: Жібек Жолы және Жалтыркөл ауылдары), Біржан сал ауданында (Бұланды ауылы), Сандықтау ауданында (Петровка ауылы), Целиноград ауданында (3 жоба: Өтеміс, Шұбар, Жаңажол ауылдары), Степногорск қаласында (Бестөбе кенті), Қосшы қаласында
(1 нысан), Көкшетау қаласында (2 нысан) 11 мектептің құрылысы бойынша жобаларды іске асыру жалғасуда, 5 балабақша: Қоянды ауылы Целиноград ауданында, Қосшы қаласында және Көкшетау қаласында (3 нысан), мектептерге 2 қосымша құрылыс: Ақкөл ауданында (Ақкөл қаласындағы №4 мектеп) және Көкшетау қаласында
(№4 арнайы мектеп-интернат). Қосшы қаласында мектеп құрылысы аяқталу сатысында (2-поз.), сондай-ақ ағымдағы жылы 1200 орындық мектеп пайдалануға берілді.

Денсаулық сақтау саласында Қосшы қаласында бір ауысымда 100 адам қабылдайтын емхана және Целиноград ауданы Қоянды ауылында 50 адам қабылдайтын алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының құрылысы жалғасуда, Атбасар ауданы Сочинское ауылында медициналық пункт және Новосельское ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысы көзделген.

  1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық. Қалаларда орталық сумен жабдықтауға - 95,1%, жылумен жабдықтауға - 68,6% қолжетімділік. Ауылдарда орталық сумен жабдықтауға қол жеткізу -82,6%.

2022 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға 17,3 млрд. теңге бөлінді. Қаражат 19 құрылысқа (8,4 млрд.теңге) және 24 объектіні қайта жаңартуға (6,9 млрд. теңге), 11 жоба бойынша ЖСҚ әзірлеуге (96,2 млн. теңге), іздеу-барлау жұмыстарына (769,9 млн. теңге), 29 объектіні ағымдағы жөндеуге (1,1 млрд. теңге) бағытталды.

  1. Қоғамдық қауіпсіздік

    2022 жылғы қаңтар-тамызда ауыр қылмыстардың 13,5%-ға төмендегені байқалды, оларды ашу бойынша 69,3%-ды құрады.

    Аса ауыр қылмыстар саны 8,8%-ға өсті (аса ауыр қылмыстардың ашылуы – 94,3%).

     

Дата публикации
20 сентября 2022