Степногорск қаласы, Біржан сал, Егіндікөл, Зеренді, Сандықтау, Шортанды аудандары аумақтық сайлау комиссияларының 2022 жылғы 16 қазандағы қаулыларына сәйкес:
Степногорск қаласы Ақсу, Шаңтөбе кенттері әкімдерінің;
Біржан сал ауданы Үлгі ауылдық округі әкімінің;
Егіндікөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің;
Зеренді ауданы Ақкөл және Кусеп ауылдық округтері әкімдерінің;
Сандықтау ауданы Сандықтау ауылдық округі әкімінің;
Шортанды ауданы Шортанды к. мен Бектау ауылдық округі әкімдерінің сайлауы тағайындалды.
Сайлау тағайындау туралы, шекаралары көрсетілген сайлау округтерін құру туралы қаулылар және Сайлауды өткізуге дайындалу және өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары көрсетілген қалалар мен аудандардың аудандық сайлау комиссияларының интернет-сайттарында орналастырылды және қалалық/аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.