Ақмола облысында 6 ауданда ауылдар мен ауылдық округтердің 7 әкімін сайлау тағайындалған.
Соның ішінде 2 әкім өкілеттік мерзімі аяқталуына, 5 әкім өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуына байланысты сайланады.
29 кандидат ұсынылды, соның ішінде «AMANAT» саяси партиясы - 2 (6,9%); 27 (93,1%) – өзін-өзі ұсынғандар.
6 кандидатқа Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнама талаптарына сәйкес келмегені үшін бас тартылды. 2 кандидат өз еркімен өтінішін қайтарып алды.
21 кандидат тіркелді, соның ішінде 2 (9,5%) - «AMANAT» саяси партиясынан; 19 – өзін-өзі ұсынғандар.
Орташа бәсекелестік 3 адам.
21 кандидаттың 6-ы (28,6%) – әйелдер.
11 кандидат жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметшілер болып табылады, 5 – бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, 2 –коммерциялық құрылымның өкілі, 3 – зейнеткер.
Оның ішінде 1 кандидат өз ауылдық округінде қайта ұсынылып отыр.
Орташа жасы - 41 жас, ең жасы - 25 жаста, ең үлкені – 59 жаста.
4 (19,0%) кандидат ұсынылып отырған ауылдық округте тұрады, 16 (76,2%) - ауданда, 1 (4,8%) – басқа облыста.