Целиноград ауданы аумақтық сайлау комиссиясының Қоянды ауылының әкімін сайлау қорытындылары туралы хаттамасының және сайланған әкімді тіркеу туралы шешімінің күшін жою туралы

Ақмола облыстық сайлау комиссиясының

2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 17/210    

ҚАУЛЫСЫ

Целиноград ауданы аумақтық сайлау комиссиясының Қоянды ауылының әкімін сайлау қорытындылары туралы хаттамасының және сайланған әкімді тіркеу туралы шешімінің күшін жою туралы

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабындағы 3) тармақшасына және 113-9-бабына сәйкес, Ақмола облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 2 қаңтардағы шешімінің, Ақмола облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы                                  8 қыркүйектегі қаулысының негізінде,  облыстық сайлау  комиссиясы   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қоянды аулының әкімін сайлау қорытындылары туралы» Целиноград ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 28 тамыздағы №46/173 хаттамасының күші жойылсын. 
  2. «Ақмола облысы Целиноград ауданы Қоянды ауылының сайланған әкімін тіркеу туралы» Целиноград ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі № 5 шешімінің күші жойылсын.
  3. Целиноград ауданының аумақтық сайлау комиссиясы:
  • бастапқы сайлау өткізілгеннен кейін бір айлық мерзімнен кешіктірмей, сол сайлау учаскелерінде және сол бастапқы сайлау өткізу үшін құрылған сайлаушылардың тізімдері бойынша Қоянды ауылының әкімін қайта сайлауды өткізсін;
  • Қоянды ауылының әкімін қайта сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі сайлау іс-шараларының мерзімдерін белгілесін;

3) лауазымдық құзыреттерін және Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарын бірнеше рет бұзғандары үшін учаскелік сайлау комиссияларының төрағаларын міндеттерінен босату және қалған комиссия мүшелерінің жауапкершіліктері туралы мәселені қарастырсын.

  1. Осы қаулы облыстық сайлау комиссиясының және Целиноград ауданы аумақтық сайлау комиссиясының интернет-беттерінде, сондай-ақ «Вестник Акмола» және «Еsil-Nura» аудандық газеттерінде жариялансын.
Дата публикации
14 сентября 2022