Облыста қолданыстағы заңнама шеңберінде өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасыларды қолдау шаралары қабылдануда.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 Заңына сәйкес табысы кедейлік шегінен төмен аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсетіледі. 1 қыркүйекке АӘК 2,3 мың отбасына (10,2 мың адам), оның ішінде 684 көп балалы отбасына тағайындалды. 1 қыркүйекке 513 млн. теңге төленді.
Бұдан басқа, АӘК алатын отбасылардан шыққан 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға азық-түлік жиынтығы (ай сайын) және тұрмыстық химия тауарлары (тоқсанына бір рет) түрінде кепілдендірілген әлеуметтік пакет (МБЖ) ұсынылады. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 2621 балаға 98 млн. теңге сомасына 17295 жиынтық берілді.
Анықтама: АӘК төлеуге 2022 жылы республикалық бюджеттен 824 млн. теңге, аудандар мен Көкшетау және Степногорск қалаларының бюджеттерінен 185 млн. теңге бөлінді. МБЖ балаларын қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 218 млн. теңге бөлінді.
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңымен аудандар, Көкшетау және Степногорск қалалары мәслихаттарының тиісті шешімдерімен белгіленген шектерде телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтеріне ақы төлеу үшін табысы аз адамдарға тұрғын үй көмегі көзделген. 1 қыркүйекке тұрғын үй көмегі 416 мұқтаж отбасыға (862 адам) жалпы сомасы 18,3 млн. теңгеге төленді.
Аудандар мен Көкшетау, Степногорск қалалары мәслихаттарының шешімдерімен әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары бекітілді, олардың шеңберінде азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.
1 қыркүйектегі жағдай бойынша 40,3 мың адамға 708,5 млн. теңге сомасында біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді. Оның ішінде:
- жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен 702 отбасы жергілікті бюджет есебінен 30 млн. теңге сомасында материалдық көмек алды;
- әлеуметтік мәні бар аурулары бар тұлғалар: қатерлі ісіктері бар 4200 азамат 224 млн. теңге сомасында төлем алды, туберкулезбен ауыратын 660 адамға 52 млн. теңге, АҚТҚ жұқтырғандарға 478 адамға 25,6 млн. теңге төленді. АИТВ-инфекциясы бар 13 бала ай сайын екі ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде төлем алады, жыл басынан бері барлығы 7,9 млн. теңге төленді;
- 9,3 млн. теңге сомасына бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 194 адам;
- табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зиян шеккен 255 отбасы 40,2 млн. теңге сомасына;
- аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан жоғары оқу орындары мен колледждердің 95 студентіне оқу ақысын төлеу бойынша 36,7 млн. теңге сомасына әлеуметтік көмек.
- ең төменгі зейнетақысы бар және 282,8 млн. теңге сомасына төмен 33,7 мың қарт адам.
Бұл шаралар мұқтаж отбасыларды қиын өмірлік жағдайдан шығаруға және әлеуметтік шиеленістің өсуіне жол бермеуге мүмкіндік береді.