Біржан сал, Бұланды, Есіл, Жақсы, Жарқайын және Целиноград аудандары аумақтық сайлау комиссияларының 2022 жылғы 26 тамыздағы қаулыларына сәйкес әкімдердің сайлауы тағайындалды:
Біржан сал ауданында Мамай ауылының әкімін;
Бұланды ауданында Ерголка және Карамышевка ауылдық округтерінің әкімдерін;
Есіл ауданында Двуречный ауылдық округінің әкімін;
Жақсы ауданында Чапай ауылының әкімін;
Жарқайын ауданында Далабай ауылдық округінің әкімін;
Целиноград Қабанбай батыр ауылдық округінің әкімін.
Сайлау тағайындау туралы, шекаралары көрсетілген сайлау округтерін құру туралы қаулылар және Сайлауды өткізуге дайындалу және өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары аудандық сайлау комиссияларының интернет-сайттарында орналастырылды және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады