2022 жылғы 28 тамызда 5 сайлау округі бойынша ауыл және ауылдық округтердің әкімдерін сайлау өткізілді.
Сайлау округтері бойынша сайлаушылардың тізіміне 6667 азамат енгізілді, соның ішінде 3232 ( 48,48%) дауыс беруге қатысты.
Әкімдерге кандидаттардың саны – 18 адам.
Барлық 5 сайлау округінде әкімдер сайланды.
Соның ішінде: «AMANAT» партиясы ұсынған - 2 адам, өзін-өзі ұсыну жолымен – 3 адам.
Ауыл және ауылдық округтердің әкімдерін сайлау қорытындысы туралы хабарлама аудандық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылды және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.