Облыс аумағының ауданы 146,2 мың ш.км құрайды.
01.07.2022ж. халық саны – 734,1 мың адам, оның ішінде қалалық - 370,1 мың адам (50,4%).
Облыс 17 ауданнан, 3 облыстық және 8 аудандық маңызы
бар қалалардан тұрады. Ұлттық құрамы: қазақтар – 52,8%, орыстар – 31,9%, басқалар – 15,3%
НКИ – 2021 жылғы деңгейге 107,5%.
Индустрияландыру картасын іске асыру кезеңінде
(2010-2021 жылдар) 428,8 млрд. теңгеге 112 жоба іске асырылды,
11 мың жұмыс орны құрылды. 2022 жылы 1854 жаңа жұмыс орнын құрумен 160,6 млрд. теңгеге 10 объектіні пайдалануға беру жоспарланған, оның ішінде 27 млрд. теңгеге 1 жоба пайдалануға берілді, 231 жаңа жұмыс орны құрылды.
«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасын іске асыруға
2022 жылы 8,3 млрд. теңге бағытталды, оның ішінде субсидиялауға – 5,4 млрд. теңге, кредиттерге кепілдік беруге – 1,8 млрд. теңге, гранттық қаржыландыруға – 139 млн. теңге, өндірістік инфрақұрылымды жүргізуге – 940,3 млн. теңге.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 76,3 млрд. теңгеге дейін өсті немесе 2021 жылғы көрсеткішке қарағанда 125,9%. 335,2 мың ш.м тұрғын үй пайдалануға берілді (өсім 0,9%).