АӨК негізгі көрсеткіштері
2022 жылдың қаңтар- шілде аралығындағы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 190 249,9 млн.теңгені құрады (НКИ – 100,6%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 6798,8 млн. теңге (НКИ – 99,2%), мал шаруашылығы – 183 340 млн. теңге (НКИ – 100,6%).
- Облыста барлығы 8891 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1949 - заңды тұлғалар (АҚ, ЖШС, МК, ӨК), 842 - жеке кәсіпкерлер, 6100 - шаруа-фермерлік қожалықтары.
- 2022 жылдың 1 тоқсанында ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 330 мың теңгені немесе 2021 жылғы деңгейге 110,7% - ды құрады.
- Ауыл шаруашылығына инвестициялар 2022 жылдың қаңтар- шілде 48,8 млрд. теңгені немесе өткен жылдың ұқсас кезеңіне 76,3%- ды құрады.
- Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына инвестициялар 2022 жылдың қаңтар- шілде 13,7 млрд. теңгені немесе 2021 жылдың сәйкес кезеңіне 3,1 есе артық құрады.
- 2022 жылдың қаңтар-маусым ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты ақшалай мәнде – 212,4 млн. АҚШ долларын немесе 2021 жылғы деңгейге 113,8% - ды құрады.
- Облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық саны-жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 28,9% (жұмыспен қамтылғандардың барлығы – 398,2 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында -115,1 мың адам).
- 2022 жылдың қаңтар-маусым ауыл шаруашылығы саласында орташа жалақы 187,4 мың теңгені құрады, 2021 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 22,2% - ға артты (2022 жылғы 2 – тоқсанда - 21,3% өсіммен 216 мың теңге).