«Ақмола облысы Қосшы қаласының шекараларын белгілеу туралы» бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімінің жобасы (бұдан әрі – Жоба) ҚР Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 2)-тармақшасына сәйкес әзірленді.
Қосшы қаласының жалпы алаңы 5 198 га құрайды.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкелмейді және мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығыстарды талап етпейді.
Жоба Ақмола облысы әкімдігінің интернет-ресурсында ________________________________________, және «Ашық НҚА» порталында https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14192250 орналастырылды