Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің қатарынан Ақмола облысының әкімінің кадр резервіне іріктеу өткізу туралы хабарландыру

Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің қатарынан Ақмола облысының әкімінің кадр резервіне іріктеу өткізу туралы хабарландыру

 

Іріктеудің мақсаты – аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері қатарынан басқарушылардың пулын/резервін қалыптастыру.

Іріктеу міндеттері:

- аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері құрамынан аудан және облыс деңгейінде өз құзыреттерін көрсетуге қабілетті, ең алдымен азаматтардың мүдделерін ескере отырып, мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге дайын талантты басшыларды анықтау;

 - резервшілердің біліктілік деңгейін арттыруға бағытталған білім беру бағдарламалары бойынша құзыреттерді дамытуды қамтамасыз ету.

 

Іріктеуге қатысуға Мемлекеттік қызмет өтілі кемінде 4 жыл, оның ішінде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі лауазымдарында кемінде екі жыл, алынбаған тәртіптік жазалары жоқ аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдық округтің әкімдері жіберіледі.

 

Ақмола облысы әкімінің кадр резервінде болу мерзімі - 3 жыл.

 

Резервке алынған адамдар облыстық және аудандық деңгейдегі «Б» корпусының басшы лауазымдарына тағайындалуы мүмкін.

 

Іріктеуге қатысуға өтінімдер 22 тамыздан бастап 2022 жылғы 7 қыркүйекке дейін қабылданады.

 

Конкурсты ұйымдастыру мәселелері бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 8 (7162) 29-72-27, 25-30-48.

 

Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің қатарынан Ақмола облысы әкімінің кадр резервіне іріктеуді ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (сайтта хабарландырудың астында орналастырылған.

Дата публикации
22 августа 2022