Облыстық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 28 тамызға тағайындалған ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері сайлауына кандидаттарды тіркеудің қорытындысы туралы хабарламасы

Ақмола облысында 4 ауданда ауылдар мен ауылдық округтердің 5 әкімін сайлау тағайындалған.

Соның ішінде 1 әкім өкілеттік мерзімі аяқталуына, 3 әкім өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуына байланысты сайланады.

          30 кандидат ұсынылды, соның ішінде «AMANAT» саяси партиясы - 2 (6,7%); 28 (93,3%) – өзін-өзі ұсынғандар.

          5 кандидатқа Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнама талаптарына сәйкес келмегені үшін бас тартылды. 4 кандидат өз еркімен өтінішін қайтарып алды. 

          21 кандидат тіркелді, соның ішінде 2 (9,5%) - «AMANAT» саяси партиясынан; 19 – өзін-өзі ұсынғандар.

          Орташа бәсекелестік 4,2 адам.

          21 кандидаттың 4-і (19%) – әйелдер.

          9 кандидат жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметшілер болып табылады, 5 – бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, 3 –коммерциялық құрылымның өкілі, 4 – уақытша жұмыс істемейді.

          Оның ішінде 1 кандидат өз ауылдық округінде қайта ұсынылып отыр.

        Орташа жасы - 45 жас, ең жасы - 30 жаста, ең үлкені – 60 жаста.

          7 (33,3%) кандидат ұсынылып отырған ауылдық округте тұрады,     7 (33,3%) - ауданда, 4 (19,1%) – басқа ауданда, 3 (14,3%) – басқа республикалық маңызы бар қалада.

 

Аршалы ауданы

https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-arshaly/documents/details/336238?directionId=14192&lang=kk

 

Біржан сал ауданы

https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-birzhan-sal/press/article/details/93772?directionId=14625&lang=kk

 

Жақсы ауданы

https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/article/details/93593?directionId=9410&lang=kk

 

Целиноград ауданы

https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/documents/details/336385?directionId=9410&lang=kk

 

Дата публикации
17 августа 2022