Ерейментау ауданы білім бөлімінің «№2 орта мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Насыр Смағұловтың есімін беру туралы

«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, темiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттiк заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есiмiн беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 11, 81-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1.Ерейментау ауданы бiлiм бөлiмiнiң «№2 орта мектеп-лицейi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне Насыр Смағұловтың есiмi берiлсiн.

2.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi                                                                                                      Б. Сағынтаев

О присвоении имени Насыра Смагулова
Дата публикации
10 октября 2018