Ақмола облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

«Ақмола облысында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң қаулысы жобасына баспасөз-релизi

Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты «Ақмола облысында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы» Ақмола облысы әкiмдiгi қаулысының жобасын (бұдан әрi — Жоба) «Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына, «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуiрдегi Заңына сәйкес, азаматтарды және ұйымдарды қоғамдық тәртiптi сақтауға тарту мақсатында әзiрлендi.

Жобамен Ақмола облысында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды және ұйымдарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау ұйғарады.

Жоба https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2004255 мекенжай бойынша «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.

Жүктеу

Пресс-релиз
Дата публикации
25 декабря 2018