Ақмола облысы Степногорск қаласының білім беру ұйымдарын қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының

10-бабының 4-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, темiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттiк заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есiмiн беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 11, 81-құжат) сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Ақмола облысы Степногорск қаласының келесi бiлiм беру ұйымдары:

1) Степногорск қаласының бiлiм бөлiмiнiң «Н.Островский атындағы №1 орта мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiн Степногорск қаласының бiлiм бөлiмiнiң «Ыбырай Алтынсарин атындағы №1 орта мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне;

2) Степногорск қаласының бiлiм бөлiмiнiң «А.М.Горький №2 орта мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiн Степногорск қаласының бiлiм бөлiмiнiң «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №2 орта мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне;

3) Степногорск қаласының бiлiм бөлiмiнiң «А.П. Гайдар атындағы №8 орта мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiн Степногорск қаласының бiлiм бөлiмiнiң «Шоқан Уалиханов атындағы №8 орта мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне;

4) Степногорск қаласының бiлiм бөлiмiнiң «А.Косарев атындағы №9 орта мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiн Степногорск қаласының бiлiм бөлiмiнiң «Қаныш Сәтпаев атындағы №9 орта мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне қайта аталсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Дата публикации
29 января 2019