«№3 Аршалы орта мектебі» мемлекеттік мекемесін Аршалы ауданы білім бөлімінің «Жұмабек Тәшенев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қайта атау туралы

«№3Аршалы орта мектебi» мемлекеттiк мекемесiн
Аршалы ауданы бiлiм бөлiмiнiң «Жұмабек Тәшенев
атындағы орта мектебi»коммуналдық мемлекеттiк
мекемесiне қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, темiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттiк заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есiмiн беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 11, 81-құжат) сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «№ 3 Аршалы орта мектебi» мемлекеттiк мекемесi Аршалы ауданы бiлiм бөлiмiнiң «Жұмабек Тәшенев атындағы орта мектебi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне қайта аталсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi                                                                                                         Б. Сағынтаев

О переименовании
Дата публикации
29 августа 2018