«Ашық деректердiң интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тiзбесiн бекiту туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 10 маусымдағы № А-7/269 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабындағы 1-тармағына, «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабындағы 15)-тармақшасына сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Ашық деректердiң интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тiзбесiн бекiту туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 10 маусымдағы № А-7/269 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5460 болып тiркелген, 2016 жылғы 3 тамызда «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жарияланған) келесi өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген интернет-порталда орналастырылатын ашық деректердiң тiзбесi осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Облыс әкiмi М. Мырзалин