2022 жылғы 31 шілдеде 11 сайлау округі бойынша ауыл және ауылдық округтердің әкімдерін сайлау өткізілді.
Сайлау округтері бойынша сайлаушылардың тізіміне 7587 азамат енгізілді, соның ішінде 6340 ( 83,56%)дауыс беруге қатысты.
Әкімдерге кандидаттардың саны – 35 адам.
Барлық 11 сайлау округінде әкімдер сайланды.
Соның ішінде: «AMANAT» партиясы ұсынған - 5 адам, өзін-өзі ұсыну жолымен – 6 адам.
ауыл және ауылдық округтердің әкімдерін сайлау қорытындысы туралы хабарлама аудандық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылды және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.