Облыстық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 31 шілдеге тағайындалған ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері сайлауына кандидаттарды тіркеудің қорытындысы туралы хабарламасы

Ақмола облысында 7 ауданда ауылдар мен ауылдық округтердің 11 әкімін сайлау тағайындалған.

Соның ішінде 8 әкім өкілеттік мерзімі аяқталуына, 3 әкім өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуына байланысты сайланады.

41 кандидат ұсынылды, соның ішінде «AMANAT» саяси партиясы - 8 (19,5%); 33 – өзін-өзі ұсынғандар.

3 кандидатқа Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнама талаптарына сәйкес келмегені үшін бас тартылды. 

38 кандидат тіркелді, соның ішінде 8 (21,0%) - «AMANAT» саяси партиясынан;  30 – өзін-өзі ұсынғандар.

Орташа бәсекелестік 3,5 адам.

38  кандидаттың 13-і (34,2%) – әйелдер.

27 кандидат жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметшілер болып табылады, 5 – бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, 4 –коммерциялық құрылымның өкілі, 2 – уақытша жұмыс істемейді.

Оның ішінде 5 кандидат өз ауылдық округінде қайта ұсынылып отыр.

Орташа жасы - 42 жас, ең жасы - 25 жаста, ең үлкені – 58 жаста.

14 (36,8%) кандидат ұсынылып отырған ауылдық округте тұрады,     22 (57,9%)  -  ауданда, 1(2,6%) – басқа ауданда, 1 (2,6%) – басқа республикалық маңызы бар қалада.

Ақкөл ауданы https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-akkol/documents/details/326222?directionId=14368&lang=kk
Атбасар ауданы https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-atbasar/press/news/details/402561?lang=kk
Егідікөл ауданы https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-egin/press/article/details/91338?lang=kk
Ерейментау ауданы https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ereymen/documents/details/327369?lang=kk
Есіл ауданы https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-esil/documents/details/327582?directions=8487&lang=kk 
Зеренді ауданы https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy/documents/details/327678?lang=kk 
Целиноград ауданы https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/documents/details/327476?lang=kk 
Дата публикации
27 июля 2022