АӨК негізгі көрсеткіштері
2022 жылдың қаңтар- маусым аралығындағы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 155 133,8 млн.теңгені құрады (НКИ – 100,5%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 1144,2 млн. теңге (НКИ – 100%), мал шаруашылығы – 153 930 млн. теңге (НКИ – 100,5%).
- Облыста барлығы 8891 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1949 - заңды тұлғалар (АҚ, ЖШС, МК, ӨК), 842 - жеке кәсіпкерлер, 6100 - шаруа-фермерлік қожалықтары.
- 2022 жылдың 1 тоқсанында ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі 330 мың теңгені немесе 2021 жылғы деңгейге 110,7% - ды құрады.
- Ауыл шаруашылығына инвестициялар 2022 жылдың қаңтар- маусым 41,7 млрд. теңгені немесе өткен жылдың ұқсас кезеңіне 72,8%- ды құрады.
- Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына инвестициялар 2022 жылдың қаңтар-маусым 11,4 млрд. теңгені немесе 2021 жылдың сәйкес кезеңіне 3 есе артық құрады.
- 2022 жылдың қаңтар-мамыр ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты ақшалай мәнде – 180 млн. АҚШ долларын немесе 2021 жылғы деңгейге 108,5% - ды құрады.
- Облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық саны-жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 27% (жұмыспен қамтылғандардың барлығы – 392,1 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында -105,7 мың адам).
- 2022 жылдың 1 тоқсанында ауыл шаруашылығы саласында орташа жалақы 154 мың теңгені құрады, 2021 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 25,6% - ға артты (2021 жылғы 1 – тоқсанда - 122,6 мың теңге).