Облыс аумағының ауданы 146,2 мың ш.км құрайды.
01.06.2022ж. халық саны – 733,8 мың адам, оның ішінде қалалық - 369,7 мың адам (50,4%).
Облыс 17 ауданнан, 3 облыстық және 8 аудандық маңызы
бар қалалардан тұрады. Ұлттық құрамы: қазақтар – 52,8%, орыстар – 31,9%, басқалар – 15,3%
НКИ – 2021 жылғы деңгейге 108%.
Индустрияландыру картасын іске асыру кезеңінде
(2010-2021 жылдар) 428,8 млрд. теңгеге 112 жоба іске асырылды,
11 мың жұмыс орны құрылды. 2022 жылы ИИДМБ аясында
1854 жаңа жұмыс орнын құрумен 160,6 млрд. теңгеге 10 объектіні пайдалануға беру жоспарланған, оның ішінде 01.07.2022ж. жағдай бойынша 27 млрд. теңгеге 1 жоба пайдалануға берілді, 231 жаңа жұмыс орны құрылды.
«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасын іске асыруға
2022 жылы 8,3 млрд. теңге бағытталды, оның ішінде субсидиялауға – 5,4 млрд. теңге, кредиттерге кепілдік беруге – 1,8 млрд. теңге, гранттық қаржыландыруға – 139 млн. теңге, өндірістік инфрақұрылымды жүргізуге – 921,6 млн. теңге.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 59 млрд. теңгеге дейін өсті немесе 2021 жылғы көрсеткішке қарағанда 138,7%. 298,8 мың ш.м тұрғын үй пайдалануға берілді (өсім 5,9%).
Орташа айлық атаулы жалақы 2022 жылғы қаңтар-наурызда 225 мың теңгені құрады, бұл 2021 жылғы деңгейден 22%-ға жоғары.
Тұтыну бағаларының индексі 110,6%-ды, оның ішінде
азық-түлік тауарларына - 115%-ды құрады.
2022 жылдың 1 шілдесіне 197,1 млрд. теңге немесе қаржыландыру жоспарына 99,7% игерілді.
Мемлекеттік бюджетке 159,7 млрд. теңге салық және басқа
да міндетті төлемдер түсті немесе болжамға 106,7%, оның ішінде республикалық бюджетке – 92,9 млрд. теңге (болжамға 102,2%), жергілікті бюджетке – 66,8 млрд. теңге (болжамға 113,7%) түсті.
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту – 85,1%.
Аршалы ауданында (2 жоба: Жібек Жолы және Жалтыркөл ауылдары), Біржан сал ауданында (Бұланды ауылы), Сандықтау ауданында (Петровка ауылы), Целиноград ауданында (3 жоба: Өтеміс, Шұбар, Жаңажол ауылдары), Степногорск қаласында (Бестөбе кенті), Қосшы қаласында
(2 нысан), Көкшетау қаласында (2 нысан) 12 мектептің құрылысы бойынша жобаларды іске асыру жалғасуда, 5 балабақша: Целиноград ауданының Қоянды ауылында, Қосшы қаласында, Көкшетау қаласында (3 нысан), мектептерге 2 қосымша құрылыс: Ақкөл ауданында (Ақкөл қаласындағы №4 мектеп) және Көкшетау қаласында
(№4 арнайы мектеп-интернат).
Денсаулық сақтау саласында Қосшы қаласында бір ауысымда 100 адам қабылдайтын емхана және Целиноград ауданы Қоянды ауылында 50 адам қабылдайтын алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының құрылысы жалғасуда, Атбасар ауданы Сочинское ауылында медициналық пункт және Новосельское ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысын бастау көзделген.
2022 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға 17,3 млрд. теңге бөлінді. Қаражат 19 құрылысқа (8,4 млрд.теңге) және 24 объектіні қайта жаңартуға (6,9 млрд. теңге), 11 жоба бойынша ЖСҚ әзірлеуге (96,2 млн. теңге), іздеу-барлау жұмыстарына (769,9 млн. теңге), 29 объектіні ағымдағы жөндеуге (1,1 млрд. теңге) бағытталды.