2022 жылдың 2-тоқсанына Ақмола облысындағы діни ахуалы туралы АҚПАРАТ

2022 жылғы 1-ші шілдедегі жағдай бойынша аймақта 181 діни бірлестік (бұдан әрі - ДБ) әрекет етеді. Дін тұту бойынша: 82 - ислам, 45 – православ, 41 – протестанттық, 11 – католик, 1- Бахаи діні және Ақмола облысының Кришна Санасы Қоғамы - 1.

Діни нысандар - 144, оның ішінде: 82 мешіт; 29 православие шіркеуі; 11 католиктік шіркеулер мен 22 протестанттық үй.

Ақмола облысының аумағында уағыздау қызметін 29 миссионер қамтамасыз етеді. Олардың арасында: 16 адам Польшадан, 4 адам Филиппиннен, 6 адам Қазақстаннан, 1-Ресейден, 1-Германиядан, 1-Швейцариядан,.

26 миссионер католицизмді, 3 миссионер протестантизмді тұтады.

Есепті кезеңде 4 мемлекеттік қызмет көрсетілді: «Азаматтарға арналған үкімет» ҰАҚ арқылы қағаз түрінде миссионерлерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы 2 куәлік және электрондық форматта 2 куәлік берілді.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2022 жылдың басынан бері облыста 128 баланың ата-анасы діни наным бойынша оларды вакцинациялаудан бас тартқан.

Білім басқармасының мәліметінше, облыстағы жалпы білім беретін мектеп оқушыларының діни сенімдері бойынша мектеп формасына қойылатын талаптарды бұзудың 52 фактісі анықталды.

ДІБ облыстың діни бірлестіктерімен біріктіруші маңызды диалог алаңы ретінде ДІБ жанындағы «Ынтымақ» діни бірлестіктер басшыларының жиналысы ерекше орын алады (бұдан әрі- Жиналыс).

2022 жылдың 28 сәуірде Көкшетау қаласының «Ынтымақ» діни бірлестіктері басшыларының жиналыс мүшелерімен «Біздің күшіміз бірлікте» атты дөңгелек үстел өткізілді.

2022 жылғы 1-ші шілдедегі жағдай бойынша облыста 217 адамнан тұратын 24 АТТ өз қызметін жүзеге асырады (1 облыстық, 23 қала, 17 аудандық және Көкшетау қ. ЖОО жанындағы 3).

Облыстың ақпараттық-түсіндіру топтары 1302 түрлі форматты іс-шара өткізді, оған 20355 адам қатысты. Оның ішінде, тікелей облыс жастарымен 4839 адамның қатысуымен  166 іс-шара жүзеге асырылды.

Ақмола облысының БАҚ діни қатынастар саласындағы тақырыптарды көрсететің 1574 материал жарық көрді. Олардың ішінде: баспа басылымдарында 129 басылым (мақалалар, ақпараттық хабарламалар және          т.б.); облыстық және аудандық телестудияларда 52 телематериал көрсетілді (сюжеттер, бейнероликтер және т.б.); ғаламтор-ресурстарында 1393 ақпараттық хабарлама орналастырылды (суреттер, пресс-релиздер, бейнедәрістер және т.б.).

Негізінде, Ақмола облысындағы діни жағдайды талдау аймақта тұрақтылықтың, толеранттылықтың және басқарылу жағдайының бар екендігін көрсетті. Діни негізде шиеленістер тіркелген жоқ. Өңірде жүргізілетін діни қатынастар саласында мемлекеттік саясат рухани-адамгершілік жағдайды тұрақтандыруға, толерантты сана қалыптастыруға, сенім төзімділігі негіздерін нығайтуға, әр түрлі ұлт өкілдерінің және әр түрлі дін өкілдерінің өзара түсіністігіне ықпал етеді.

           

Дата публикации
01 июля 2022