| Ақмола облысы Бестөбе кентінің тұрғындарымен кездесудің 28.04.2022 № 01-12/1080 хаттамасы | |||
| Бестөбе кентінің проблемалық мәселелерін шешу жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған жол картасын әзірлеу | 2022 жылғы15 мамырға дейін 2022 жылғы15 маусымға дейін ұзартылды |
А.Қ. Қайыржанов,Д.Қ. Қуанышбаев,В.З. Кулаков,М.С. Әубәкіров,Б.А. Жүсіпов,Н.Е. Сыздықов,С.М. Балжанов | Тапсырма орындалды.Бестөбе кентінің проблемалық мәселелерін шешу жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған жол картасы әзірленді |
| Бестөбе кентінде дәрігерлік амбулаторияны медициналық жабдықпен толықтай жабдықтауды қамтамасыз ету; - Бестөбе кентінің дәрігерлік амбулаториясына жақын аумақта брусчатка төсеу. | 2022 жылғы1 тамызға дейін | Н.Е. Сыздықов | Тапсырма орындалуда.Жазу бойынша пациенттерді ультра-дыбысты диагностикалау үшін функционалды диагностикалау дәрігері күнде, тұрақты негізде Бестөбе к. 50 келушіге арналған отбасылық-дәрігерлік амбулаторияға барады. Бестөбе к. тұрғындары үшін алдағы уақытта тереңінен диагностикалау қажет болған жағдайда, Степногорск қ. «Viamedis» ЖШС филиалының негізгі ғимаратының базасында сапалы және қол жетімді диагностикалық көмек алу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Бестөбе кентінің дәрігерлік амбулаториясына жақын аумаққа брусчатка төселді. |
| Бестөбе кентінде бұрынғы емхана ғимаратын Степногорск қаласының коммуналдық меншігіне беру | 2022 жылғы1 қыркүйекке дейін | Н.Е. СыздықовК.И. Батталов | Тапсырма орындалуда.Бестөбе кентіндегі бұрынғы емхана ғимаратының МЖӘ объектілерінің бірі болып табылуына байланысты, қазіргі уақытта көрсетілген объектіні Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Степногорск қалалық емхана» ШЖҚ МКК мүліктік кешенінен алып тастау бойынша қосымша келісім жасасу жұмысы жүргізілуде. Қосымша келісімге қол қою және оны тиісті органдарда тіркеу қорытындысы бойынша Бестөбе кентіндегі бұрыңғы емхана ғимаратын Степногорск қаласының коммуналдық мүлкіне беру туралы қаулы әзірленетін болады. |
| Мердігер ұйыммен кепілдік міндеттемелері аясында №2 мектепті жөндеудің кемшіліктерін жою |
2022 жылғы1 тамызға дейін | Б.А. Жүсіпов | Тапсырма орындалуда.Тиісті жұмыс сапасы бойынша тексеру жүргізілді, оның нәтижесінде Бестөбе к. №2 ОМ анықталған жөндеу кемшіліктері актіленді. Степногорск қаласының білім бөлімімен мердігер ұйымның мекенжайына наразылық жолданды. |
| Бестөбе кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуді аяқтау | 2022 жылғы15 қазанға дейін | А.Қ. Қайыржанов,М.С. Әубәкіров,Ә.Қ. Бөкебаев | Тапсырма орындалуда.Бестөбе кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына сметалық құжаттама әзірленуде. |
| Алдағы уақытта бюджеттік сала қызметкерлеріне беру үшін, бұрынғы емхана ғимаратын реконструкциялауға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу | 2022 жылғы30 желтоқсанға дейін | А.Қ. Қайыржанов | Тапсырма орындалуда.Қазіргі уақытта, бұрыңғы емхана ғимаратын МЖӘ шартынан шығару жұмысы жүргізілуде. Одан кейін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу басталады. |
| Шахтерлерге арналған естелік орнын құру мәселесін пысықтау (аллея, музей, ескерткіштер және т.б.); | 2022 жылғы30 желтоқсанға дейін | А.Қ. Қайыржанов | Тапсырма орындалуда.Бестөбе кентінің жергілікті қауымдастық мүшелерімен және белсенділерімен келісу бойынша шахтерлерге ескерткіш орнату үшін «Рауан» МҮ алаңы анықталды. |
| Мемлекеттік органдардың, жергілікті қауымдастықтың және «АК Алтын Алмас» АҚ қатысуымен Бестөбе к. проблемалық мәселелерін шешу жөнінде жұмыс тобын құру | 2022 жылғы6 мамырға дейін | А.Қ. Қайыржанов | Тапсырма орындалды.Бестөбе кенті әкімінің 2022 жылғы 6 мамырдағы №14А өкімімен жұмыс тобы құрылды, оған қалалық мәслихат өкілдері мен Бестөбе кентінің жергілікті қауымдастық мүшелері кірді. |
| Бестөбе кентінде қосымша көше жарығын орнату мәселесін пысықтау | 2022 жылғы1 қазанға дейін | А.Қ. ҚайыржановД.Қ. Қуанышбаев,Қ.М. Дүзелбаев | Тапсырма орындалуда.Ағымдағы жылы «Қазақалтын» ЖШС серіктестік міндеттемелер аясында Бестөбе кентінің көшпелі тобын жария ету жұмысы жүргізіледі. «Самұрық» ЖШС-мен шарт жасалды. |
| Бестөбе кентінің көп пәтерлі тұрғын үйлерін қосу үшін блокты-модульді қазандық орнатылуының аяқталуын қамтамасыз ету | 2022 жылғы30 желтоқсанға дейін | А.Қ. ҚайыржановД.Қ. Қуанышбаев | Тапсырма орындалуда.Ағымдағы жылы Ы.Алтынсарин көшесінің 16 үйін қосу арқылы 1,95 МВт/сағ. жалпы жылыту қуаттылығымен, КСВр-0,65 үш қазандығымен, қатты отында қолмен жағу арқылы блокты-модульді қазандық орнату жоспарланды. Қазіргі уақытта, мердігер ұйымды анықтау үшін конкурстық рәсімдер жүргізілуде. |
| Бестөбе кентінде кентішілік жолдарды жөндеудің аяқталуын қамтамасыз ету | 2022 жылғы1 қазанға дейін | А.Қ. ҚайыржановВ.З. Кулаков | Тапсырма орындалуда.Конкурстық рәсімдер өткізілді, шарт «НордСтрой» ЖШС-мен жасалды. Жұмыстар 26.05.2022 басталды. |
| Ағымдағы жылы Бестөбе кентінде кентішілік жолдарды жөндеуге қосымша бюджет қаражатын бөлу мүмкіндігін және 2023-2024 жылдарға қаражат қарастыру | 2022 жылғы1 шілдеге дейін | А.Қ. ҚайыржановВ.З. Кулаков,Қ.М. Дүзелбаев | Тапсырма орындалды.Ақмола облыстық мәслихатының 2022 жылғы 17 маусымдағы № 7С-18-3 шешімімен Бестөбе кентінің кентішілік жолдарын орташа жөндеуге облыстық бюджеттен қаражат бөлінді. |
| «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-мен республикалық маңызы бар «Макинск - Ақсу – Торғай» автомобиль жолына жөндеу жүргізу мәселесін пысықтау | 2022 жылғы1 тамызға дейін | В.З. Кулаков | Тапсырма орындалуда.235 км ұзындығымен «Макинск-Ақсу-Торғай» автомобиль жолы (км 0-120, 125-240) республикалық маңызы бар жол болып табылады және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақмола облыстық филиалының балансында (бұдан әрі - Филиал).Филиалдың деректері бойынша 2019 жылы 0,95-22,95 және 203,8-214, 220-220,8 км учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылы орташа жөндеу аясында 236 км су өткізу құбырын орнату жұмысы жүргізілуде, мердігері «RemStroiTransGroup TN» ЖШС.120-125 км учаскесі Степногорск қ. әкімдігінің балансында. Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен орташа жөндеу жүргізу үшін қаражат бөлінді. Мердігер ұйым анықталды – «НордСтройKZ» ЖШС. Құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. |
| «Бестөбе – Сілеті» аудандық маңызы бар автомобиль жолына ағымдағы жөндеу жүргізу | 2022 жылғы1 қыркүйекке дейін | В.З. Кулаков | Тапсырма орындалуда.34 км ұзындығымен «Ақсу-Бестөбе»-Сілеті» автомобиль жолы аудандық маңызы бар жолға жатады, Ерейментау ауданы әкімдігінің балансында. Ерейментау ауданының әкімдігімен мердігер ұйымды анықтау үшін конкурстық рәсімдер жарияланды. |
| Бестөбе кентінде «Рауан» мәдениет үйіне ағымдағы жөндеу жүргізуге сметалық-есептік құжаттама дайындау және облыстың мәдениет басқармасына бюджеттік өтінім беру | 2022 жылғы16 мамырға дейін | А.Қ. Қайыржанов,А.Б. Сәбитова | Тапсырма орындалды.Бестөбе кентінің «Рауан» мәдениет үйіне ағымдағы жөндеу жүргізуге сметалық-есептеу құжаттамасы әзірленді және мәдениет басқармасына бюджеттік өтінім берілді. |
| Қатты тұрмыстық қалдықтарды уақытша сақтауды ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізу | 2022 жылғы30 желтоқсанға дейін | А.Қ. Қайыржанов,Р.Ш. Әубәкіров | Тапсырма орындалуда.«Қазақалтын» ЖШС жобалау-сметалық құжаттама әзірленді, құжаттарды жинау жүргізілуде. |
| Бестөбе кентіне жайылым жерлерді бекітіп беру бойынша жұмыс жүргізу | 2022 жылғы20 мамырға дейін 2022 жылғы1 қарашаға дейін ұзартылды |
А.Қ. Қайыржанов,А.Е. Әлжанов,С.М. Балжанов | Тапсырма орындалуда.Ерейментау ауданының әкімдігімен Бестөбе к. әкімшілік шекарасына 6 мың га жерді беру туралы меморандумға қол қойылды. |
| Жануарларды вакцинациялау жұмысын жүргізу | 2022 жылғы15 шілдеге дейін | А.Қ. Қайыржанов,Т.Т. Жүнісов | Тапсырма орындалды.Ауыл шаруашылығы жануарларын сібір жарасына, МКАР, құтыруға, аусылға қарсы вакцинациялау толық көлемде жүргізілді. |
| Мал қорымын ұйымдастыру, жануарлардың денелерін уақытында жоюды жүргізсін | 2022 жылғы1 қыркүйекке дейін | А.Қ. Қайыржанов,Т.Т. Жүнісов | Тапсырма орындалуда.Жер учаскесіне біріздендіру құжаты бар, құжаттарды жинастыру және шекараларын белгілеу жұмысы жүргізілуде. |