Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2022 жылдың басында Ақмола облысы халқының саны 733 900 адамды құрады, оның ішінде ерлер – 357 263 адам, әйелдер – 376 637.
Ақмола облысында 733 900 адам тұрады, оның ішінде 387 690 (52,8%) - қазақтар, 234 336 (32%) - орыстар, 29 511 (4%) - украиндар, 25 243 (3,4%) - немістер, 12 792 (1,7%) - татарлар, 9 162 (1,2%) - белорустар, 7 234 (1%) - поляктар, 4 839 (0,7%) – ингуштар, 3 368 (0,5%) – шешендер, 2 156 (0,3%) – әзірбайжандар, 17 569 (2,4%) – басқа ұлт өкілдері.
Ақмола облысы бойынша халықтың көші–қон сальдосы 2021 жылы теріс болды және 5 049 адамды құрады, келгендер – 27 364, кеткендер -32 413.
Алыс және жақын шетелдерден келгендер - Армения (1 адам), Беларусь (1 адам), Қырғызстан (2 адам), Өзбекстан (12 адам), Ресей (146 адам), Тәжікстан (2 адам), Украина (6 адам), АҚШ (4 адам), Германия (10 адам), Канада (1 адам), Моңғолия (6 адам) және басқалар (7 адам).
2021 жылдың қорытындысы бойынша облыстан алыс және жақын шетелдерге көшкендердің жалпы саны 1 967 адамды (Әзірбайжан – 1, Белорусь - 34, Молдова – 32, Ресей - 1377, Украина – 4, АҚШ - 7, Германия - 359, Греция – 1, Израиль – 10, Моңғолия – 2, Польша – 132, Түркия – 3, басқалар - 5) құрады.