Ақмола облысында 3 ауданда аудандық маңызы бар қаланың, ауылдар мен ауылдық округтердің 4 әкімін сайлау тағайындалған.
Соның ішінде 2 әкім өкілеттік мерзімі аяқталуына, 2 әкім өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуына байланысты сайланады.
16 кандидат ұсынылды, соның ішінде «AMANAT» саяси партиясы - 1 (6,3%); 15 – өзін-өзі ұсынғандар.
1 кандидатқа Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнама талаптарына сәйкес келмегені үшін бас тартылды. 3 кандидат өз еркімен өтінішін қайтарып алды.
12 кандидат тіркелді, соның ішінде 1 (8,3%) - «AMANAT» саяси партиясынан; 11 – өзін-өзі ұсынғандар.
Орташа бәсекелестік 3 адам.
12 кандидаттың 4 (33,3%) – әйелдер.
6 кандидат жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметшілер болып табылады, 1 – бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, 4 –коммерциялық құрылымның өкілі, 1 – уақытша жұмыс істемейді.
Оның ішінде 1 кандидат өз ауылдық округінде қайта ұсынылып отыр.
Орташа жасы - 43 жас, ең жасы - 30 жаста, ең үлкені – 56 жаста.
6 (50%) кандидат ұсынылып отырған ауылдық округте тұрады, 6 (50%) - ауданда.