Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ақмола облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібінде мен шарттарында:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының индексi латын әлiпби әрiптерiнен және сандар топтарынан тұрады.
Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолы индексiнің бiрiншi әрпi «К»-мен белгiленедi.
Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының индексiндегi келесі әрiптер жолдың әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiне тиесiлiгі бойынша белгiленедi.