Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Ақмола облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 6 қыркүйектегі № А-9/427 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7376 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Ақмола облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларында:
34-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«3) Комиссиямен айқындалатын тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіруді жүзеге асыру.».
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.