2020 жылдың І жартыжылдығында облыс әкімі мен оның орынбасарларының азаматтарды қабылдау бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жағдайы туралы ақпараты
Облыс әкімінің аппаратында облыс әкімі мен оның орынбасарлары азаматтарды қабылдауы бекітілген кестеге сәйкес ай сайын жүргізіледі. Бірақ, ағымдағы жылғы 16 наурыздан бері азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдау коронавирус таралуы қаупін азайту бойынша превентивтік шаралар қолданылуына байланысты уақытша тоқтатылған.
2020 жылдың І жартыжылдығында облыс әкімі мен оның орынбасарлары барлығы 111 адамды қабылдады (2019 жылдың І жартыжылдығында - 167). 2019 жылдың І жартыжылдығымен салыстырғанда жеке қабылдауда қабылданған азаматтардың саны 34% қысқарды (қысқаруы жеке қабылдау уақытша тоқтатылуымен байланысты).
Қабылданған азаматтардың жалпы санынан 14 – бюджеттік және бюджеттік емес сала қызметкерлері, 32 – шағын және орта бизнес өкілдері, 24 – зейнеткерлер, 7 – жұмыссыздар, 20 – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 6 – үй шаруасында, 5 – мүгедектер, 3 – көпбалалы отбасы.
Негізінен қабылдау барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (28), жұмысқа орналастыру, жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз ету (12), мәдениет, спорт және туризм (16), ауыл шаруашылығы (5), тұрғын үй беру (10), құрылыс (6), жер және жер пайдалану (18) және басқа да (16) мәселелер көтерілді.
Қабылдау барысында берілген тапсырмалар бойынша, келесі шаралар қолданылды:
- 4 өтініш иесі бойынша мәселелер шешілді;
- 107 өтініш иесіне түсініктемелер берілді.
Аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдері аталған кезеңде жеке қабылдауда 579 азаматты қабылдады. Сонымен қатар өңірлерде азаматтардың өтініштеріндегі өзекті тақырыптар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жер және жер пайдалану, еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері болып табылады.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімінің аппараты халықпен тиімді байланыс жүйесін жолға қою бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.
7 аудан әкімдігінің қызметі (Астрахан, Бұланды, Бурабай, Егіндікөл, Көкшетау және Степногорск қ., Зеренді) «сервистік әкімдік» жұмысы форматында жүргізіледі (Open-space және Frontoffice жұмысын тиімді үйлестіру – бір жерде мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдарды жұмылдыру). «Open-space офис» жұмысы форматына (қызметкерлердің жұмыс орындарын қабырғалары жоқ бір ашық алаңда ұйымдастыру) 9 аудан әкімдігі көшті (Біржан сал, Есіл, Ерейментау, Жақсы, Ақкөл, Шортанды, Атбасар, Целиноград, Сандықтау).
Сонымен қатар, 3 аудан әкімдіктерінде (Аршалы, Жарқайың, Қорғалжын) «Open Space офис» форматына көшу мәселесі қарастырылуда (жөндеу жұмыстары жүргізілуде).
2020 жылдың І жартыжылдығында Ақмола облысы әкімінің аппаратына 1700 жазбаша өтініш түсті (2019 жылдың І жартыжылдығында - 1509), соның ішінде жеке тұлғалардан – 866 (2019 жылдың І жартыжылдығында - 793), заңды тұлғалардан – 834 (2019 жылдың І жартыжылдығында - 716).
2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жазбаша өтініштер саны 191 бірлікке өскені байқалады.
Түскен 1700 өтініштің ішінде 1582 өтініш, 42 шағым, 60 сауал, 16 ұсыныс бар. Оларды қарау нәтижесі бойынша келесі шаралар қолданылды: 97 өтініш толық қанағаттандырылды, 914-і бойынша жазбаша түсініктемелер берілді, 15 – тоқтатылды («Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 14-бабындағы 7-тармағына сәйкес – автордан өтінішті қарауды тоқтату туралы өтініш хат түскен кезде), 6 өтінішті қараудан бас тартылды (Заның 11-бабындағы 1-т. – айталанған өтініштерде жаңа уәждер мен жаңадан ашылған жағдайлар келтірілмеген), 597 – жоғарғы және төменгі органдарға, ведомствоға бағыныстылығы бойынша қайта жолданды, 71 - орындалуда. Заңнамамен белгіленген өтініштерді қарау мерзімдері сақталған.
Ең көп өтініштер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (268), еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз ету (176), жер және жер пайдалану, (173), ауыл шаруашылығы (104) тұрғын үй беру (71) және басқа да (908) мәселелері бойынша түсті.
Жазбаша өтініштерді қабылдау «Электрондық үкімет» порталы, Қазақстан Республикасы Президентінің Вертуалды қабылдауы, «Казпочта» АҚ, қолма-қол, электрондық құжат айналысының бірыңғай жүйесі (басқа мемлекеттік және өзге де органдардан) арқылы жүргізілді.
Облыс әкімінің аппаратына «Электрондық үкімет» порталы арқылы жеке және заңды тұлғалардан түскен жазбаша өтініштер саны 2,4 есе өсті, (2019 жылдың І жартыжылдығында – 266, 2020 жылдың І жартыжылдығында - 649). Азаматтар электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған өтініштерін жолдау үшін жалпы қол жетімді ақпараттық жүйелерді жиі пайдаланатын болды .
Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен келіп түскен өтініштер саны 31% (2019 жылдың І жартыжылдығында – 103, 2020 жылдың І жартыжылдығында - 148), министрліктер мен ведомстволардан 53% (2019 жылдың І жартыжылдығында – 84, 2020 жылдың І жартыжылдығында –176) артқаны байқалады. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінен келіп түскен өтініштер саны 33% азайды (2019 жылдың І жартыжылдығында – 59, 2020 жылдың І жартыжылдығында - 39).
Өңірлік деңгейде облыс әкімінің аппаратына келіп түскен ең көп өтініш саны Көкшетау қ. – 24% (439 өтініш), Целиноград ауданына - 8% (130 өтініш), басқа өірлерге - 44% (746 өтініш) тиесілі.
Қайталанған өтініштер саны 2019 жылдың І жартыжылдығындағы 74-тен 2020 жылдың І жартыжылдығында 99-ға дейін аздап өсу үрдісі байқалады. Негізінен қайталанған өтініштердің себебі алдындағы өтініш бойынша қабылданған шешімге шағымдану болып табылады.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы толық немесе ішінара оң шешім қабылданған өтініштердің саны 97 өтінішке дейін артты (2019 жылдың І жартыжылдығында оң қарастырлған өтініш - 2).
Облыс әкімінің аппаратына «Электрондық үкімет» порталы арқылы келіп түскен жазбаша өтініштер саны 1,2 есе өсті (2019 жылдың І жартыжылдығында – 571, 2020 жылдың І жартыжылдығында - 649), ол электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланудың өскенін көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Вертуалды қабылдауы арқылы аталған кезеңде 54 өтініш түсті (2019 жылдың І жартыжылдығында – 4).
Облыс әкінің аппараты қайталанған өтініштердің санын азайту, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытында және сапалы қарастыру үшін ведомствосына бағынысты органдармен жұмыста атүсті қаралуына жол бермеуді, өтініш иелеріне объективті және негізделген жауаптар берілуін, қажет болған жағдайда – олардың қатысуымен қараралуын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады.
2020 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі жағдай бойынша облыс әкімінің блог-платформасына 200 өтініш келіп түсті.
Өтініштердің басым бөлігі тұрғын үй-коммуналдық сала (63), жер пайдалану (12), әлеуметтік қамсыздандыру және жұмысқа орналастыру (14), денсаулық сақтау (10) және басқа (101) мәселелері бойынша келіп түсті.
Сонымен қатар, мемлекеттік ақпараттық ресурстардың бірыңғай порталында «сұрақ-жауап» сервисінің көмегімен облыс әкімінің онлайн-қабылдау бөлмесі арқылы пайдаланушылардан 22 сұрақ келіп түсті, оларға уақытында түсініктемелер берілді.
Өңірлердің тұрғындары үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік қолдау және тұрғын үй беру мәселелері өзекті тақырыптар болып отыр.
Азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну бойынша құқықтарын жүзеге асырудың маңызды құралы интернет-конференция өткізу болып табылады.
Облыс әкімінің қатысуымен мемлекеттік органның ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімінің Ашық диалог порталында ағымдағы жылдың басынан бері «Ақмола облысында жастар жылын өткізу қорытындылары туралы» (25.01.2020 ж.), «Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктері туралы» (29.01.2020 ж.), «Ақмола облысында еріктілер жылының іс-шараларын іске асыру туралы» (30.01.2020 ж.), «Ақмола облысында короновирус инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша қолданылып жатқан шаралар туралы» (06.05.2020 ж.), «Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы» (11.05.2020 ж.), «Өңірде әлеуметтік қолдау шаралары туралы» (15.06.2020 ж.), «Өңірде инвестициялық климатты қалыптастыру» (15.07.2020 ж.) тақырыптар бойынша 8 интернет-конференция, Абай Құнанбаев күнін мерекелеу шеңберіндегі интернет-конференция (10.08.2020 ж.) ұйымдастырылды. Пайдаланушылардан 14 сұрақ келіп түсті, оларға тиісті түсініктемелер берілді.
Халықтың мемлекеттік органдардың қызметіне қанағаттану деңгейін және оның іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламаларға қатысты хабарландырылуын анықтау мақсатында порталда 6 сауалнама жүргізілді.
Ақмола облысы әкімі орынбасарларының
2020 жылғы шілде-желтоқсанға арналған жеке қабылдау
КЕСТЕСІ
«Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні»
|
Лауазымы |
Тегі, аты, әкесінің аты |
Қабылдау күні мен уақыты |
Қызметтік телефоны |
|
Облыс әкімінің орынбасары |
Қ.М. Ыдырысов |
2020 жылғы 24 шілде |
29-72-50 |
|
2020 жылғы 21 тамыз |
|||
|
2020 жылғы 18 қыркүйек |
|||
|
2020 жылғы 30 қазан |
|||
|
2020 жылғы 20 қараша |
|||
|
2020 жылғы 11 желтоқсан |
|||
|
Облыс әкімінің орынбасары |
Ғ. К. Әбдіхалықов |
2020 жылғы 7 тамыз |
29-72-78 |
|
2020 жылғы 4 қыркүйек |
|||
|
2020 жылғы 2 қазан |
|||
|
2020 жылғы 6 қараша |
|||
|
2020 жылғы 4 желтоқсан |
|||
|
Облыс әкімінің орынбасары |
А. Мұратұлы |
2020 жылғы 14 тамыз |
29-72-80 |
|
2020 жылғы 11 қыркүйек |
|||
|
2020 жылғы 9 қазан |
|||
|
2020 жылғы 13 қараша |
|||
|
2020 жылғы 11 желтоқсан |
|||
|
Облыс әкімінің орынбасары |
М.С. Тәткеев |
2020 жылғы 24 шілде |
29-72-74 |
|
2020 жылғы 21 тамыз |
|||
|
2020 жылғы 18 қыркүйек |
|||
|
2020 жылғы 16 қазан |
|||
|
2020 жылғы 20 қараша |
|||
|
2020 жылғы 25 желтоқсан |
|||
|
Облыс әкімінің орынбасары |
А.Е. Мысырәлімова |
2020 жылғы 31 шілде |
29-72-81 |
|
2020 жылғы 28 тамыз |
|||
|
2020 жылғы 25 қыркүйек |
|||
|
2020 жылғы 23 қазан |
|||
|
2020 жылғы 27 қараша |
|||
|
2020 жылғы 4 желтоқсан |
Қабылдау жұма күндері сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін жүргізіледі