«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 111-1-бабының 6-тармағына сәйкес және «AMAHAT» партиясы Ақмола өңірлік филиалы Саяси кеңесі Бюросының 2022 жылдың 21 сәуірдегі № 021- PQ қаулысы негізінде облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Мәслихат депутаты Е.С.Аяғановтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты мандат Жанат Мұратұлы Досымовқа берілсін.
- Ақмола облыстық мәслихатының депутаты болып Бұланды ауданы Макинск қаласында тұратын, Бұланды аудандық почта байланысы торабының бастығы, 1990 жылы туған, қазақ, Жанат Мұратұлы Досымов тіркелсін және оған куәлік пен төсбелгі тапсырылсын.
- Бұқаралық ақпарат құралдарында Ақмола облыстық мәслихатының депутаты болып Ж.М.Досымовтың тіркелгені туралы хабарлама жариялансын.