2022 жылғы 24 сәуірде 7 сайлау округі бойынша ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдерін сайлау өткізілді.
Сайлау округтері бойынша сайлаушылардың тізіміне 4667 азамат енгізілді, соның ішінде 3813 ( 81,70%) дауыс беруге қатысты.
Әкімдерге кандидаттардың саны – 20 адам.
Барлық 7 сайлау округінде әкімдер сайланды.
Соның ішінде: «AMANAT» партиясы ұсынған - 3 адам, өзін-өзі ұсыну жолымен – 4 адам.
Ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдерін сайлау қорытындысы туралы хабарлама аудандық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылды және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.