2022 жылғы 1-ші сәуірдегі жағдай бойынша аймақта 183 діни бірлестік (бұдан әрі - ДБ) әрекет етеді. Дін тұту бойынша: 82 - ислам, 45 – православ, 43 – протестанттық, 11 – католик, 1- Бахаи діні және Ақмола облысының Кришна Санасы Қоғамы - 1.
Діни нысандар - 144, оның ішінде: 82 мешіт; 29 православие шіркеуі; 11 католиктік шіркеулер мен 22 протестанттық үй.
Ақмола облысының аумағында уағыздау қызметін 28 миссионер қамтамасыз етеді. Олардың арасында: 15 адам Польшадан, 5 адам Филиппиннен, 1-Германиядан, 1-Швейцариядан, 1-Ресейден, 5 адам Қазақстаннан.
25 миссионер католицизмді, 3 миссионер протестантизмді тұтады.
Есепті кезеңде 5 мемлекеттік қызмет көрсетілді: «Азаматтарға арналған үкімет» ҰАҚ арқылы қағаз түрінде миссионерлерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы 4 куәлік және электрондық форматта 1 куәлік берілді.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2022 жылдың басынан бері облыста 128 баланың ата-анасы діни наным бойынша оларды вакцинациялаудан бас тартқан.
Білім басқармасының мәліметінше, облыстағы жалпы білім беретін мектеп оқушыларының діни сенімдері бойынша мектеп формасына қойылатын талаптарды бұзудың 53 фактісі анықталды.
ДІБ облыстың діни бірлестіктерімен біріктіруші маңызды диалог алаңы ретінде ДІБ жанындағы «Ынтымақ» діни бірлестіктер басшыларының жиналысы ерекше орын алады (бұдан әрі- Жиналыс).
2022 жылғы 16 наурызда Ақмола облысының дін істері және Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармаларының 2021 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есептерді тыңдау бойынша Көкшетау қаласының «Ынтымақ» діни бірлестіктері басшыларының жиналыс мүшелерімен кездесу өткізілді.
2021 жылғы 1-ші сәуірдегі жағдай бойынша облыста 211 адамнан тұратын 23 АТТ өз қызметін жүзеге асырады (1 облыстық, 2 қала, 17 аудандық және Көкшетау қ. ЖОО жанындағы 3).
Облыстың ақпараттық-түсіндіру топтары 537 түрлі форматты іс-шара өткізді, оған 9634 адам қатысты. Оның ішінде, тікелей облыс жастарымен 4952 адамның қатысуымен 139 іс-шара жүзеге асырылды.
Ақмола облысының БАҚ діни қатынастар саласындағы тақырыптарды көрсететің 836 материал жарық көрді. Олардың ішінде: баспа басылымдарында 105 басылым (мақалалар, ақпараттық хабарламалар және т.б.); облыстық және аудандық телестудияларда 25 телематериал көрсетілді (сюжеттер, бейнероликтер және т.б.); ғаламтор-ресурстарында 706 ақпараттық хабарлама орналастырылды (суреттер, пресс-релиздер, бейнедәрістер және т.б.).
Негізінде, Ақмола облысындағы діни жағдайды талдау аймақта тұрақтылықтың, толеранттылықтың және басқарылу жағдайының бар екендігін көрсетті. Діни негізде шиеленістер тіркелген жоқ. Өңірде жүргізілетін діни қатынастар саласында мемлекеттік саясат рухани-адамгершілік жағдайды тұрақтандыруға, толерантты сана қалыптастыруға, сенім төзімділігі негіздерін нығайтуға, әр түрлі ұлт өкілдерінің және әр түрлі дін өкілдерінің өзара түсіністігіне ықпал етеді.